• жоғарғы тыныс алу жолдарының суық тию ауруларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Шырынды сұйылтпай қабылдауға, немесе басқа сұйық заттармен (шаймен, жеміс шырынымен) араластыруға болады. Препаратты қабылдау тамақтануға байланысты емес. Шәрбатты жұтпастан бұрын, мүмкіндігінше ауызда ұзағырақ ұстау ұсынылады. Шәрбаттың ұсынылатын көлемін стерильді бір реттік шприцтің көмегімен өлшеп алуға болады.
Ересектер: 4-6 мл күніне 3 рет.
12 жастан асқан балалар: 2 мл күніне 4 рет.
4-тен 12 жасқа дейінгі балалар: 2 мл күніне 3-4 рет.
2-ден 4 жасқа дейінгі балалар: 2 мл күніне 3 рет.
Емдеу курсының ұзақтығы дәрігердің ұсынымдарына байланысты.
Өте сирек - жоғары сезімталдық реакциялары (ентігу, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі) Кейде - асқазан-ішек бұзылыстары (түйілулер, жүрек айнуы, құсу, диарея)