Амбробене®-Тева, ерітінді 7,5 мг/мл №100

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
При простуде и боли

Қолданылуы
• секреция бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх• өкпе ауруларының секреторлық емінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Амбробене®- Тева ішуге және ингаляцияға арналған ерітіндіні тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады, препаратты қоса беріліп отырған өлшегіш стақанның көмегімен дозалайды. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: алғашқы 2-3 күнде тәулігіне 3 рет 4 мл ерітіндіден (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), одан әрі тәулігіне 2 рет 4 мл-ден (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Ауыр жағдайларда 4 мл ерітіндіні тәулігіне 3 рет қабылдау сызбасы дәрігермен кеңескеннен кейін жалғастырылуы мүмкін. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 2-3 рет 2 мл ерітіндіден (күніне 30-45 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 3 рет 1 мл ерітінді (күніне 22,5 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). 2 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 2 рет 1 мл ерітінді (күніне 15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Препаратты ингаляция түрінде қолдану. Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға: күн сайын 2-3 мл ерітіндіден 1-2 ингаляция. 6 жасқа дейінгі балаларға: күн сайын 1-2 мл ерітіндіден 1-2 ингаляция. 2 жасқа дейінгі балаларға: 1 мл ерітіндіден 1 ингаляция күн сайын 1-2 рет Егер күніне бір ғана ингаляция мүмкін болса, препаратты қосымша пероральді қабылдау қажет. Ингаляция кезінде қалыпты тыныс алуды сақтау керек, өйткені ингаляция процесі жөтелдің қозуына әкелуі мүмкін. Амбробене®-Тева ингаляцияға арналған ерітіндісін ингаляцияға арналған түрлі аспаптарда (бу ингаляторларын қоспағанда) пайдалануға болады. Ингалятордан жеткізілетін ауаның оңтайлы ылғалдануы үшін ерітіндіні тең бөлікте (1:1 қатынасы) физиологиялық ерітіндімен араластыруға болады. Ерітіндіні ингаляциядан бұрын дене температурасына дейін жылыту керек. Бронх демікпесі бар пациенттерге ингаляция алдында әдеттегі бронхспазмолитикалық дәріні беру керек.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Амброксол

Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз құбылыстар төменде жүйелік-ағзалық кластар және келесі жіктеу бойынша жиілік бойынша төменде келтірілген: өте жиі ≥ 1/10, жиі ≥ 1/100 дейін <1/10, жиі емес ≥1/1000 дейін <1/100, сирек ≥1/10,000 дейін <1/1000, өте сирек <1/10,000, белгісіз: жиілігі белгісіз жағымсыз реакциялар, өйткені қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары, белгісіз: анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну және қышыну. Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар сирек: бөртпе, есекжем, белгісіз: терінің ауыр реакциялары (көп формалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын/ уытты эпидермальді некролизді және жедел жайылған экзантематозды пустулезді қоса). Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар жиі: жүрек айну, жиі емес: құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, өте сирек: сілекейдің қатты бөлінуі. Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірек орта мүшелер тарапынан бұзылулар: белгісіз: ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциясының симптомы ретінде) Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізу орнындағы реакциялар: жиі емес: қызба, жергілікті шырышты қабық реакциялары.

Қосымша дәрі

Амбробене®-Тева, ерітінді 7,5 мг/мл №40

View Product

Амбробене®-Тева, 100 мл шәрбат

View Product

Амбробене®-Тева, таблеткалар 30 мг

View Product