• секреция бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх• өкпе ауруларының секреторлық емінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Амбробене®- Тева ішуге және ингаляцияға арналған ерітіндіні тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады, препаратты қоса беріліп отырған өлшегіш стақанның көмегімен дозалайды.
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: алғашқы 2-3 күнде тәулігіне 3 рет 4 мл ерітіндіден (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), одан әрі тәулігіне 2 рет 4 мл-ден (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Ауыр жағдайларда 4 мл ерітіндіні тәулігіне 3 рет қабылдау сызбасы дәрігермен кеңескеннен кейін жалғастырылуы мүмкін.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 2-3 рет 2 мл ерітіндіден (күніне 30-45 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 3 рет 1 мл ерітінді (күніне 22,5 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
2 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 2 рет 1 мл ерітінді (күніне 15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Препаратты ингаляция түрінде қолдану.
Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға: күн сайын 2-3 мл ерітіндіден 1-2 ингаляция.
6 жасқа дейінгі балаларға: күн сайын 1-2 мл ерітіндіден 1-2 ингаляция.
2 жасқа дейінгі балаларға: 1 мл ерітіндіден 1 ингаляция күн сайын 1-2 рет
Егер күніне бір ғана ингаляция мүмкін болса, препаратты қосымша пероральді қабылдау қажет.
Ингаляция кезінде қалыпты тыныс алуды сақтау керек, өйткені ингаляция процесі жөтелдің қозуына әкелуі мүмкін.
Амбробене®-Тева ингаляцияға арналған ерітіндісін ингаляцияға арналған түрлі аспаптарда (бу ингаляторларын қоспағанда) пайдалануға болады.
Ингалятордан жеткізілетін ауаның оңтайлы ылғалдануы үшін ерітіндіні тең бөлікте (1:1 қатынасы) физиологиялық ерітіндімен араластыруға болады.
Ерітіндіні ингаляциядан бұрын дене температурасына дейін жылыту керек. Бронх демікпесі бар пациенттерге ингаляция алдында әдеттегі бронхспазмолитикалық дәріні беру керек.
Жағымсыз құбылыстар төменде жүйелік-ағзалық кластар және келесі жіктеу бойынша жиілік бойынша төменде келтірілген: өте жиі ≥ 1/10, жиі ≥ 1/100 дейін <1/10, жиі емес ≥1/1000 дейін <1/100, сирек ≥1/10,000 дейін <1/1000, өте сирек <1/10,000, белгісіз: жиілігі белгісіз жағымсыз реакциялар, өйткені қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары, белгісіз: анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну және қышыну.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар сирек: бөртпе, есекжем, белгісіз: терінің ауыр реакциялары (көп формалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын/ уытты эпидермальді некролизді және жедел жайылған экзантематозды пустулезді қоса).
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар жиі: жүрек айну, жиі емес: құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, өте сирек: сілекейдің қатты бөлінуі.
Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірек орта мүшелер тарапынан бұзылулар:
белгісіз: ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциясының симптомы ретінде)
Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізу орнындағы реакциялар: жиі емес: қызба, жергілікті шырышты қабық реакциялары.