- баспа, фарингиттер, тонзилофарингиттер, тонзиллиттер, глоссит, афтозды стоматит - тыныс алу жолдарына және ауыз қуысына операциядан кейінгі кезеңде және хирургиялық араласуға пациенттерді даярлауда - химиотерапия кезінде туындаған ауыз қуысы инфекцияларын емдеу үшін - стрептококкты баспада антибиотиктермен емдеу кезінде қосымша ем ретінде - продрома кезеңінде тұмауратқан жай-күйде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер және 8 жастан асқан балалар Қорғағыш қалпақшасын шешіп, аппликаторды қондырыңыз. Ерітінді бүріккішке жету үшін аппликаторды 2-3 рет басыңыз және басқан кезде ол шашырауы тиіс. Содан соң ауыз қуысына 2-3 см-ге аппликатор түтігін кіргізіп, дем алмай және бір бүрку оң жаққа және екіншісі сол жаққа бүркемелену үшін қалпақшаны 1-3 рет басу керек. Ауыз қуысының оң жағына және сол жағына және жұтқыншаққа бір рет бүркемелеу үшін Йокс спрей препаратын күніне 2-4 рет пайдалану ұсынылады. Препараттың әр аппликациясының аралығы 4 сағаттан кем болмау керек. Қажет болған жағдайда препаратты жиірек қолдануға болады. Бүркілген препаратты ішке тартпау және жұтпау керек! Тәулігіне препаратты ең көп дегенде 6 рет қолдануға болады, емдеу курсы 5-7 күн. Аппликаторды қолданардың алдында және кейіннен ыстық сумен шаю керек.
Жергілікті реакциялар Сирек • терінің құрғауы, тері гиперемиясы • аллергиялық реакциялар (жанаспалы дерматит, қызару, қышыну, тері бөртпесі, жаққан жерде жылу мен ашытуды сезіну) Жүйелі реакциялар Өте сирек (дененің ауқымды жеріне ұзақ уақыт бойы қолданған кезде) • жүрек айнуы, құсу, асқазандағы ауыру • бауыр энзимі деңгейінің жоғарылауы • анафилаксия, бронх түйілуі, ангионевроздық ісіну - фотосенсибилизация реакциясы - бірлі-жарым жағдайларда – псориаздың өршуі.