• суық тию аурулары кезінде бастапқы симптомдардың профилактикасы және емдеу
Қолдану тәсілі және дозалары
Таблеткаларды соруға, шайнауға немесе сумен ішуге болады. Таблеткаларды тамақ ішу уақытына байланыссыз қабылдай береді. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар күніне 3-4 рет 1 таблеткадан қабылдайды. 6-дан 11 жасқа дейінгі балалар – күніне 2- 3 рет 1 таблеткадан . Үздіксіз қолдану ұзақтығы 2 аптадан аспауы тиіс.
Сирек - терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, тері бөртпесі, есекжем) - Стивенс-Джонсон синдромы Өте сирек - бронх түйілуі обструкциямен - аса жоғары сезімталдық салдарынан болатын демікпе - ангиоісіну - Квинке ісінуі - анафилаксиялық шок - аутоиммундық аурулар (жайылған энцефалит, түйінді эритема, аутоиммундық тромбоцитопения, тубулярлы бүйрек дисфункциясымен Шегрен синдромы) - ұзақ қолданған кездегі лейкопения (8 аптадан астам)