- суық тию аурулары кезінде бастапқы симптомдардың профилактикасы және емдеу
Қолдану тәсілі және дозалары
Ерітіндіні аз мөлшердегі сұйықтықпен тамақ ішуге байланыссыз қабылдайды. Ересектер мен 18 жастан асқан балалар күніне 3 рет 2,5 мл –ден қабылдайды. Дозалау үшін өлшеуіш стақанды пайдаланады. Үздіксіз қолдану ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс.
Сирек - терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, тері бөртпесі, есекжем) - Стивенс-Джонсон синдромы Өте сирек - бронх түйілуі обструкциямен - аса жоғары сезімталдық салдарынан болатын демікпе - ангиоісіну - Квинке ісінуі - анафилаксиялық шок - аутоиммундық аурулар (жайылған энцефалит, түйінді эритема, аутоиммундық тромбоцитопения, тубулярлы бүйрек дисфункциясымен Шегрен синдромы) - ұзақ қолданған кездегі лейкопения (8 аптадан астам)