Валсартан-Тева, таблеткалар 160 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Кардиология

Қолданылуы
- ересектердегі және 6-18 жастағы балалардағы артериялық гипертензияда - жүрек функциясының жеткіліксіздігінде диуретиктермен, оймақгүл препараттарымен, сондай-ақ АӨФ басқа тежігіштерімен немесе, АӨФ тежегіштерін пайдаланып емдеу мүмкін болмаған жағдайда, бета-адрено-блокаторлармен бірге кешенді ем құрамында - инфарктіден кейінгі жағдайда, жүрек функциясының симптоматикалық жеткіліксіздігі немесе жуық арада (12 сағат - 10 күн) болған миокард инфарктісінен кейін сол жақ қарыншаның симптомынсыз систолалық дисфункциясы бар, клиникалық тұрғыдан тұрақты ересек пациенттерді емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Валсартан-Тева препаратын тамақ ішуге қарамай-ақ қолдана беруге болады және судың жеткілікті мөлшерімен ішкен жөн. Артериялық гипертензияда Валсартан-Тева препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 80 мг құрайды. Гипертензияға қарсы әсеріне 2 апта ішінде, ал ең жоғары әсеріне 4 апта ішінде жетеді. Талапқа сай бақыланбайтын артериялық қысымы бар кейбір пациенттерде дозаны 320 мг-ге дейін арттырады немесе диуретиктерді қосымша тағайындау керек. Валсартан-Тева гипертензияға қарсы басқа дәрілермен бірге де тағайындалуы мүмкін. 6-18 жастағы балалардағы артериялық гипертензияда қолдану Бастапқы доза – салмағы 35 кг-ден аз балалар үшін тәулігіне бір рет 40 мг және салмағы 35 кг-ден көбірек балалар үшін күніне бір рет 80 мг. Балалар үшін ең жоғары дозасы төмендегі кестеде көрсетілген.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Валсартан

Өнім Сипаттамасы
Валсартан-Тева ішке қабылдауға арналған ангиотензин II рецепторларының АТ1-қосалқы түрлерінің (ангиотензин 1 қосалқы түрлерінің рецепторлары) спецификалық белсенді антагонисі болып табылады. Ол ангиотензин II-нің белгілі әсерлеріне жауапты AT1 қосалқы түрлерінің рецепторларына іріктеп әсер етеді. АТ1 рецепторларының бөгелуінен кейін қан плазмасында ангиотензин II деңгейінің валсартанмен жоғарылауы бөгелмеген АТ2 рецепторын стимуляциялауы мүмкін, ол АТ1 рецептордың әсерін теңестіреді. Валсартан AT1 қосалқы түрлерінің рецепторларына қатысты айқын агонистік белсенділік көрсетпейді. Валсартанның AT1 қосалқы түрлерінің рецепторларына ұқсастығы AT2 қосалқы түрлерінің рецепторларына қарағанда 20000 есе жоғары. Валсартан ангиотензин I-ні ангиотензин II-ге айналдыратын және брадикининнің ыдырауын катализдейтін ангиотензин өзгертуші ферментті (АӨФ) тежемейді. Ангиотензин II антагонистері жөтелді туындатпайды, өйткені АӨФ-ге ықпалын тигізбейді және брадикининнің өндірілуін күшейтпейді. Препаратты гипертензиясы бар пациенттерге қолдану тамыр соғуының жиілігіне ықпалын тигізбей-ақ, артериялық қысымның төмендеуіне әкеледі. Препарат қабылдауды күрт доғару «тоқтату» синдромының дамуымен қатар жүрмейді.
Жағымсыз әсерлері
Артериялық гипертензиясы бар науқастарда Жиі емес ( > 1/1000-нан < 1/100-ге дейін) • бас айналу • жөтел • іштің ауыруы • қатты қажығыштық Белгісіз (жиілігін анықтау мүмкін емес) • гемоглобин және гематокрит деңгейлерінің төмендеуі • нейтропения • тромбоцитопения • сарысу құю ауруын қоса • аса жоғары сезімталдық реакциялары • қан сарысуында калийдің жоғарылауы • гипонатриемия • васкулит • бауыр функциясы көрсеткіштерінің жоғарылауы • қан плазмасындағы жалпы билирубиннің жоғарылауын қоса • Квинке ісінуі • бөртпе • қышыну • буллезді дерматит • миалгия • бүйрек функциясының жеткіліксіздігі және бүйрек функциясының бұзылуы • қан плазмасында креатинин деңгейінің жоғарылауы Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар және инфарктіден кейінгі жағдайдағы науқастарда Жиі (> 1/100-ден < 1/10 дейін) • бас айналу • постуральді бас айналу • гипотензия • ортостатикалық гипотензия • бүйрек функциясының жеткіліксіздігі • бүйрек функциясының бұзылуы Жиі емес (> 1/1000-нан < 1/100 дейін) • гиперкалиемия • естен тану • бас ауыру • вестибулярлы бас айналу • жүрек функциясының жеткіліксіздігі • жөтел • жүректің айнуы • диарея • ангионевроздық ісіну • бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі • қан плазмасындағы креатинин деңгейінің артуы • астения • қажығыштық Белгісіз (жиілігін анықтау мүмкін емес) • тромбоцитопения • аса жоғары сезімталдық реакциялары • сарысу құю ауруын қоса • қан сарысуындағы калийдің жоғарылауы • гипонатриемия • васкулит • бауыр функциясы көрсеткіштерінің жоғарылауы • бөртпе • қышыну • буллезді дерматит • миалгия • азот • мочевина деңгейлерінің жоғарылауы

Қосымша дәрі

Атенолол-Тева, таблеткалар 25 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 10 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 5 мг

View Product

Клопидогрель-Тева, таблеткалар 75 мг

View Product