Атенолол-Тева, таблеткалар 25 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Кардиология

Қолданылуы
Атенолол-Тева 25 мг: - функционалдық кардиоваскулярлық бұзылуларда (гиперкинетикалық кардиальді синдром, артериялық қысым реттелуінің функционалдық бұзылулары) Атенолол-Тева 50 мг: - артериялық гипертензия - стенокардия - жүрек ырғағының бұзылуы: синустық тахикардия, қарыншаүстілік тахиаритмия профилактикасы, жыпылықтайтын тахиаритмия, жүрекшенің дірілдеуі
Қолдану тәсілі және дозалары
Атенолол-Тева препаратының дозасын және емдеу ұзақтығын, емдік нәтижеге жетуге қарай, емдеуші дәрігер әркімге жеке белгілейді.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Атенолол

Өнім Сипаттамасы
Атенолол-Тева селективті бета-адреноблокаторлар болып табылады, ішкі симпатомиметикалық белсенділіксіз және жарғақшаны тұрақтандыру әсерінсіз тікелей жүректің бета1-адренорецепторларына («кардиоселективті бета-блокатор») ықпал етеді. Атенолол-Теваның антиангинальді, гипотензиялық және аритмияға қарсы әсері бар. Атенолол синустық түйін автоматизмін азайтады, жүректің жиырылу жиілігін сиретеді, атриовентрикулярлық өткізгіштікті баяулатады, миокардтың жиырылуы мен қозуын, жүрек лықсуын азайтады, миокардтың оттегі қажетсінуін төмендетеді.
Жағымсыз әсерлері
Клиникалық зерттеулерде мынадай жағымсыз әсерлері туралы хабарланған: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз жиіліктегі жекелеген есептерді қоса (жиілігін қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес). Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар Жиі • брадикардия, аяқ-қолдың салқындауы Сирек • жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы • атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы • естен тануды туғызуы ықтимал гипотония (ортостатикалық гипотония) • шеткері қантамыр жеткіліксіздігі бар науқастарда симптомдардың нашарлауы (оның ішінде мезгіл-мезгіл ақсаңдауы бар пациенттерде) • Рейно синдромы. Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар Емдеудің басында • бас айналу • тершеңдік • көңіл-күйдің өзгеруі • ұйқының бұзылуы • түнгі қорқынышты түстер Сирек • елестеулер • психоздар • сананың шатасуы • сандырақтау • парестезия • бас ауыру • бас айналу • депрессиялық көңіл-күй • түнгі қорқынышты түстер Асқазан-ішек жолы тарапынан: Жиі - іштің ауыруы • жүрек айну • құсу • іштің кебуі • іш қату • іш өту. Жиі емес - бауыр трансаминазаларының жоғарылауы • бауырішілік холестаз • гепатит Қан және лимфа жүйесі тарапынан: Сирек - пурпура • тромбоцитопения Тері және тері асты тіндері тарапынан: Сирек - аллергиялық тері реакциялары (қышыну, терінің қызаруы, экзантема) • шаштың түсуі Өте сирек • псориаз Белгісіз • Квинке ісінуі түріндегі аллергиялық реакциялар Жыныс мүшелері және сүт бездері тарапынан: Сирек - либидоның бұзылуы • импотенция • гинекомастия Тыныс алу мүшелері тарапынан: Сирек - диспноэ • бейімділігі бар науқастарда бронх обструкциясы синдромының пайда болуы мүмкін Көру мүшелері тарапынан: Сирек - көрудің бұзылуы • көз жасы безі сөлінісінің азаюы • бұл әсіресе жанаспалы линзалар пайдаланатын науқастарда анықталады Эндокринология тарапынан: - латентті қант диабетінің манифестациясы немесе ағымдағы қант диабеті бар науқастар жағдайының ауырлауы Липидтік алмасудың бұзылуы: - жалпы холестерин қалып шегінде болатын кезде тығыздығы жоғары липопротеидтер деңгейі азаяды және плазмадағы триглицеридтер деңгейі жоғарылайды Жиілігі белгісіз Люпус тәрізді синдром, антинуклеарлық антидененің жоғарылауы

Қосымша дәрі

Бисопролол-Тева, таблеткалар 10 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 5 мг

View Product

Клопидогрель-Тева, таблеткалар 75 мг

View Product

Коринфар ретард-Тева, босап шығуы ұзартылған қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар

View Product