Клопидогрель-Тева, таблеткалар 75 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Кардиология

Қолданылуы
Ересек пациенттерде Атеротромбоз оқиғаларының профилактикасы: - миокард инфарктісі (бірнеше күннен < 35 күнге дейін), ишемиялық инсульті (7 күннен < 6 айға дейін), шеткері артериялар ауруы диагностикаланған пациенттерде - ST сегменті көтерілмеген жедел коронарлы синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі) бар пациенттерде, соның ішінде тері арқылы коронарлы ангиопластика (ТКА) жүргізу барысында стенттеу жүргізілген пациенттерде ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп - тромболизистік терапия көрсетілген, ST сегменті көтерілген жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде АСҚ біріктірілімде; Жыпылықтағыш аритмияда, инсультті қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың профилактикасында - жыпылықтағыш аритмиясы бар, жүрек-қантамырлық реакциялардың даму қаупінің бір факторы бар пациенттерде, К дәруменінің антагонистері (АВК) жақпайтын және қан кету қаупі төмен науқастарда ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде
Қолдану тәсілі және дозалары
Клопидогрель-Тева тамақ ішуге байланыссыз ішке тағайындалады. Ересектерге және егде жастағы пациенттерге Клопидогрель-Тева препаратын бір реттік 75 мг дозада тағайындайды.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Клопидогрел

Өнім Сипаттамасы
Клопидогрел ізашар дәрі болып табылады, оның метаболиттерінің біреуі тромбоциттер агрегациясының тежегіші болып табылады. Клопидогрел белсенді метаболит түзу үшін CYP2С19 энзимдері арқылы метаболизмге түседі, нәтижесінде тромбоциттердің агрегациясын бәсеңдететін белсенді метаболит түзіледі. Клопидогрелдің белсенді метаболиті аденозиндифосфаттың (АДФ) оның тромбоцитарлы Р2Y12 рецепторымен байланысуын және, кейіннен АДФ әсерінен гликопротеинді GPIIb/IIIa кешенінің белсенділенуін селективті түрде тежеп, осылайша тромбоциттер агрегациясына кедергі жасайды. Әсерге ұшыраған тромбоциттердің байланысуының қайтымды болмауы салдарынан, өз тіршілігінің қалған барлық мерзімінде (шамамен, 7-10 күн) зақымданады, ал тромбоциттердің қалыпты функциясының қалпына келуі тромбоцитарлы циклге сәйкес келетін жылдамдықпен жүзеге асырылады.
Жағымсыз әсерлері
Қан кету клиникалық зерттеулерде де, сонымен қатар постмаркетингтік кезеңде де тіркелген ең жиі жағымсыз реакция болып табылады, онда ол туралы негізінен емнің алғашқы айында мәлімделген. Клиникалық зерттеулерде білінген немесе кездейсоқ мәлімдемелерде айтылған жағымсыз реакциялар төменде берілген. Жиі (≥1/100, 1/10) • гематома және жарақаттайтын соғылу • мұрыннан қан кету • асқазан-ішектік қан кету, диарея, іштің ауыруы, диспепсия • пункция жасалған жердегі қан кету Жиі емес (≥1/1000,<1/100) • тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия • бассүйекішілік қан құйылу (өліммен аяқталған, әсіресе егде жастағы адамдарда, бірнеше жағдайлар мәлімделді) • бас ауыру • парестезия • бас айналу • көзге қан құйылу (конъюнктивальді, окулярлы, ретинальді) • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы • гастрит • құсу • жүректің айнуы • іш қату • метеоризм • бөртпе • қышыну • тері астына қан құйылу (пурпура) • гематурия • қан кету уақытының ұзаруы • нейтрофилдер санының төмендеуі • тромбоциттер санының төмендеуі Сирек (≥1/10000, <1/1000) • нейтропения • соның ішінде ауыр • вертиго (вестибулярлы бас айналу) • ретроперитонеальді қан кету • гинекомастия Өте сирек (<1/10000) • тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП) • апластикалық анемия • панцитопения • агранулоцитоз • ауыр тромбоцитопения • жүре пайда болған А гемофилия • гранулоцитопения • анемия • сарысу құю ауруы • анафилактоидтық реакциялар • елестеулер • сананың шатасуы • дәм сезімінің бұзылулары • агевзия • ауыр қан кету • операциялық жарадан қан кету • васкулит • гипотензия • респираторлы жолдан қан кету (қан түкіру, өкпеден қан кету) • бронхтың түйілуі • интерстициальді пневмонит • эозинофильді пневмония • асқазан-ішектік және ретроперитонеальді қан кетудің өліммен аяқталуы • панкреатит • колит (соның ішінде ойық жаралы немесе лимфоцитарлы) • стоматит • бауырдың жедел жеткіліксіздігі • гепатит, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы • буллёзді дерматит (уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема, жедел жайылған экзантематозды пустулез) • ангионевроздық ісіну • дәрілерді қабылдау әсерінен туындаған жоғары сезімталдық синдромы • эозинофилиямен және жүйелік көріністермен (DRESS-синдром) қатар жүретін дәрілік тері бөртпесі • эритематозды немесе эксфолиативті бөртпе • есекжем • экзема және жалпақ теміреткі • қаңқа-бұлшықеттік қан кету (гемартроз) • артрит • артралгия • миалгия • гломерулонефрит • қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы • қызба Жиілігі белгісіз • айқаспалы реактивтілік нәтижесінде дамыған тиклопидин және прасугрел сияқты тиенопиридиндік препараттарға жоғары сезімталдық • қан сарысуы ауруы • анафилактоидты реакциялар • ацетилсалицил қышқылына және клопидрогельге аса жоғары сезімталдық реакциясымен шартталған Коунис синдромы (вазоспазмдық аллергиялық стенокардия/аллергиялық миокард инфаркті).

Қосымша дәрі

Атенолол-Тева, таблеткалар 25 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 10 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 5 мг

View Product

Коринфар ретард-Тева, босап шығуы ұзартылған қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар

View Product