Триметазидин-Тева, таблеткалар 20 мг №60

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Кардиология

Қолданылуы
- ересектерге бақылауы жеткіліксіз немесе бірінші желідегі антиангинальді препараттар жақпағанда тұрақты стенокардиясы бар науқастарды симптоматикалық емдеу үшін қосымша ем ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Триметазидин-Тева 20 мг тамақтану кезінде тәулігіне 2-3 рет бір стақан суды іше отырып, 1 таблеткадан ішке қабылдайды. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығы мен оның ағымына байланысты анықталады. Ең жоғары бір реттік доза – 20 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 60 мг. Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) - тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан тамақтану кезінде. Егде пациенттерде - тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан тамақтану кезінде.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Триметазидин

Өнім Сипаттамасы
Триметазидин-Тева 20 мг жасушалық деңгейде әсер етеді, аденозинтрифосфаттың (АТФ) жасушаішілік құрамының төмендеуіне кедергі келтіре отырып гипоксия кезінде жасушаларда энергетикалық тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Жарғақшаның иондық өзектерінің қалыпты қызметін және калий иондарының трансжарғақшалық тасымалдануын қамтамасыз ете отырып, жасушалық гомеостазды көтермелейді. Метаболизмдік үдерістерге араласып және миокард ишемиясы кезінде оттегінің пайдаланылуын жақсарта отырып, препарат миокард жасушаларында АТФ энергетикалық қорының төмендеуіне кедергі жасап, энергетикалық потенциалды сақтайды. Препараттың көмегімен жүректе энергетикалық алмасуды жақсарту ұзын тізбекті 3-кетоацил СоА-тиолазаны (3-КАТ) тежеу есебінен майлы қышқылдар тотығуының жарым-жартылай әлсіретілуінің нәтижесі болып табылады, бұл глюкоза тотығуының күшеюін туғызады және жүректің ишемиядан қорғалуын қамтамасыз етеді. Триметазидин-Тева 20 мг стенокардиямен сырқат науқастарда жүрек жиырылуының жиілігіне (ЖЖЖ) әсер етпей, дене жүктемелеріне төзімділікті арттырады, стенокардия ұстамаларының жиілігін төмендетеді; препаратпен емдеу кезінде нитраттарға кажеттілік едәуір азаяды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі • бас айналуы • бас ауыруы • абдоминальді ауыру • диарея • диспепсия • жүрек айнуы • құсу • бөртпе • тері қышынуы • есекжем • астения Сирек • ұйқы бұзылыстары (ұйқысыздық,ұйқышылдық) • жүрек қағуы • экстрасистолия • тахикардия • артериялық гипотензия; пациенттің дімкәстігімен • бас айналуымен • немесе құлауымен байланысты болуы мүмкін • әсіресе гипертензияға қарсы • препараттар қабылдайтын науқастардағы ортостатикалық гипотензия • гиперемия Жиілігі белгісіз • паркинсонизм симптомдары (тремор, акинезия, гипертония) • жүрістен жаңылу • мазасыз аяқ синдромы • әдетте препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болатын басқа да қозғалыс бұзылыстары • іш қатуы • жедел жайылған экзантематозды пустулез, ангиоэдема • агранулоцитоз • тромбоцитопения • тромбоцитопениялық пурпура • гепатит

Қосымша дәрі

Атенолол-Тева, таблеткалар 25 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 10 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 5 мг

View Product

Клопидогрель-Тева, таблеткалар 75 мг

View Product