Моксонидин-Тева таблеткалар 0,2 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Кардиология

Қолданылуы
- эссенциальді (бастапқы) гипертензия
Қолдану тәсілі және дозалары
Таблеткалар жеткілікті мөлшерде су іше отырып, тамақ ішуге байланыссыз, ішке қабылданады. Көп жағдайларда Моксонидин-Теваның бастапқы дозасы тәулігіне 0,2 мг құрайды; 2 қабылдауға бөлінуі тиіс ең жоғары тәуліктік доза 0,6 мг құрайды. Ең жоғары бір реттік доза 0,4 мг құрайды. Дозасы мен емдеу курсын клиникалық жауабына қарай жеке таңдайды. Орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде моксонидиннің бастапқы дозасы тәулігіне 0,2 мг құрайды. Қажет болғанда және жақсы жағымдылығында орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде моксонидин дозасы тәулігіне 0,4 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Моксонидинді қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерде қолдануға болмайды.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Моксонидин

Өнім Сипаттамасы
Моксонидин-Тева антигипертензиялық препарат болып табылады. Қол жетімді эксперименталдық деректер моксонидиннің әсер ету орны орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) екенін көрсетеді. Моксонидин ми діңінде имидазолинді рецепторларды іріктеп стимуляциялайтыны көрсетілген. Имидазолинге сезімтал рецепторлар сопақша мидың вентролатеральдік бөлігіндегі ростральді бөлімінде шоғырланған, бұл бөлік шеткергі симпатикалық жүйке жүйесін реттеу орталығы болып саналады. Имидазолинді рецепторларды стимуляциялағанда симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігі төмендейді және қан қысымы төмендейді. Моксонидин имидазолиндік рецепторлармен салыстырғанда басқа симпатолитикалық антигипертензивтік дәрілерден α2-адренорецепторларға төмен тектестігімен ерекшеленеді. Моксонидин қабылдағандағы седативтік әсердің төмен болуы және ауыз құрғауының ықтималдығы осылай түсіндірілуі мүмкін. Моксонидин жүйелік қан тамырлық қарсыласуды азайту нәтижесінде артериялық қысымды төмендетеді, бұл клиникалық зерттеулерде дәлелденген. Моксонидин семіздігі және инсулинге резистентті орташа артериялық гипертензиясы бар науқастарда плацебомен салыстырғанда тіндердің инсулинге сезімталдығын 21%-ға жақсартады.
Жағымсыз әсерлері
Моксонидинді қолданған кезде көбіне жиі болған жағымсыз әсері болып мыналар хабарланған, ауыздың құрғауы, бас айналуы, астения және ұйқышылдық. Бұл симптомдар алғашқы бірнеше апталық емнен соң көбіне азайған. Жағымсыз әсерлер (моксонидинді қабылдаған n=886 пациентпен плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеу барысында байқалғандар) төменде жиіліктерімен берілген: Өте жиі (≥1/10) • ауыздың құрғауы Жиі (≥1/100, <1/10) • бас айналуы/вертиго • бас ауыруы* • ұйқышылдық • ұйқысыздық • астения • диарея • жүрек айнуы • құсу • диспепсия • бөртпе • қышыну • арқаның ауыруы Жиі емес (≥1/1000. <1/100) • брадикардия • гипотензия* (ортостатиканы қоса) • ангионевроздық ісіну • шеткері ісіну • мойын айналасының ауыруы • құлақтың шуылы • күйгелектік • естен тану* * жиілігі плацебомен салыстырғанда байқалды

Қосымша дәрі

Атенолол-Тева, таблеткалар 25 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 10 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 5 мг

View Product

Клопидогрель-Тева, таблеткалар 75 мг

View Product