Индапамид-Тева, таблеткалар 1,5 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Кардиология

Қолданылуы
- артериялық гипертензияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ұзақ босап шығатын Индапамид-Теваны 1,5 мг шайнамай, судың жеткілікті мөлшерімен іше отырып, тәулігіне 1 таблеткадан таңертең қабылдайды. Ең жоғары тәуліктік доза – 1 таблетка. Егер ем тиімсіз болса, препарат дозасын арттыру ұсынылмайды, өйткені гипотензиялық әсерін арттырмай жағымсыз әсерлер қаупі ұлғаюы мүмкін. Бұл жағдайда сызбаға диуретик емес, басқа гипертензияға қарсы препаратты қосу ұсынылады. Жеке емдеу курсы дәрігер ұсынысы бойынша.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Индапамид

Өнім Сипаттамасы
Индапамид-Тева 1,5 мг индол сақиналы сульфонамид туындысы болып табылады. Фармакологиялық қасиеті бойынша индапамид тиазидтік диуретиктерге жақын, олардың әсер ету механизмі нефронның кортикальді сегментінде натрийдің қайта сіңуінің бәсеңдеуіне байланысты. Индапамид несеп арқылы натрийдің, хлордың және аз дәрежеде – калийдің және магнийдің шығуын арттырады, ол диурездің және антигипертензивтік әсерді арттыруға әкеледі. Индапамидтің гипотензиялық әсері, сондай-ақ артерияның жақтауының серпімділігін жақсартумен және қантамырлардың жалпы шеткері қарсыластығының азаюына байланысты. Индапамид жүректің сол жақ қарыншасы гипертрофиясын азайтуға ықпал етеді. Индапамидпен 1,5 мг ұзақ босап шығатын жеке дара емдеген кезде гипотензиялық әсер 24 сағатқа жалғасады, осы кезде орташа диурез байқалады. Индапамид липидтік (триглицеридтерге, ТТЛП, ТЖЛП) және көмірсу алмасуына, оның ішінде артериялық гипертензиясы бар қант диабетті науқастарға әсер етпейді.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1000, <1/100), сирек (>1/10000, <1/1000), өте сирек (>1/10000), жиілігі анықталмаған (қолда бар деректер негізінде даму жиілігіне бағалау жүргізу мүмкін емес). Жиі • аса жоғары сезімталдық реакциялары • макуло-папулездік бөртпе Жиі емес • құсу Сирек • вертиго • шаршау • бас ауыруы • парестезиялар • жүрек айнуы • іш қатуы • ауыздың құрғауы Өте сирек • аритмия • гипотензия • панкреатит • бауыр функциясының бұзылуы • бүйрек жеткіліксіздігі • ангионевроздық ісіну • есекжем • уытты эпидермальді некролиз • Стивенс-Джонсон синдромы • агранулоцитоз • апластикалық анемия • гемолитикалық анемия • лейкопения • тромбоцитопения • гиперкальциемия Жиілігі анықталмаған • синкопе • миопия • көрудің бұлыңғырлануы • көру бұзылыстары • бауыр жеткіліксіздігі жағдайында бауыр энцефалопатиясының дамуы • гепатит • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы • бұрыннан бар жедел диссеминацияланған қызыл жегі ағымының ықтимал нашарлауы • жоғары фотосезімталдық • елеулі гипокалиемия • әсіресе жоғары қаупі бар пациенттерде («Айрықша нұсқауларды» қар.) • гипонатриемия • қант деңгейінің • несеп қышқылының жоғарылауы • ЭКГ-ге QT аралығының ұзаруы • «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардия

Қосымша дәрі

Атенолол-Тева, таблеткалар 25 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 10 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 5 мг

View Product

Клопидогрель-Тева, таблеткалар 75 мг

View Product