Финлепсин ретард 400

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Неврология

Қолданылуы
- эпилепсия: қарапайым да, күрделі де симптоматикасы бар парциальді ұстамалар; негізінен, шығу тегі фокальді ауқымды құрысу ұстамалары (ұйқы кезіндегі ауқымды ұстамалар, диффузиялық ауқымды ұстамалар); эпилепсияның аралас түрлері - үшкіл жүйке невралгиясы - глоссофарингеальді невралгия - диабеттік нейропатия кезіндегі ауыру - жайылған склероз кезіндегі эпилепсия түріндегі құрысулар, мысалы, үшкіл жүйке невралгиялары; тонустық құрысулар; пароксизмалық дизартрия және атаксия; пароксизмалық парестезиялар мен ауыру ұстамалары - алкогольді абстинентті синдром кезіндегі құрысу ұстамаларының профилактикасы - маниакальді-депрессиялық жағдайлар, ипохондриялық депрессиялар кезіндегі психоздардың профилактикасы.
Қолдану тәсілі және дозалары
Финлепсин ретард пациенттің көрсетілімдері мен жай-күйін ескерумен тамақтану кезінде немесе одан кейін жеткілікті су мөлшерін ішумен жекеше ішке қабылдауға тағайындалады. Таблетканы сұйықтықта ерітуден кейін әсер етуші заттың ұзақ босап шығатын қасиеті сақталатындықтан, ұзақ әсер ететін таблеткаларды оларды суда алдын ала ерітіп барып қабылдауға болады.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Карбамазепин

Өнім Сипаттамасы
Депрессияға қарсы, психозға қарсы және диурезге қарсы әсерін де көрсететін эпилепсияға қарсы дәрінің (дибензазепин туындысы) невралгиямен науқастарда ауыруды басатын әсері бар. Әсер ету механизмі потенциалға тәуелді натрий өзекшелерінің блокадасымен байланысты, бұл қатты қозған нейрондар жарғақшасының тұрақтануына, нейрондардың сериялық разрядтарының туындау тежелісіне және импульстердің синапстық өткізгіштігінің төмендеуіне әкеледі.
Жағымсыз әсерлері
Орталық жүйке жүйесі тарапынан: Жиі - бас айналу • атаксия • ұйқышылдық • жалпы әлсіздік • бас ауыру • парез • аккомодация; Кейде - еріктен тыс аномальді қимылдар (мысалы, тремор, «ырғақсыз» тремор – asteriхis, дистония, тартылулар); нистагм; Сирек - елестеулер (көру немесе есту арқылы) • депрессия • тәбеттің төмендеуі • мазасыздық • озбыр мінез-құлық • психомоторлық қозу • бағдардан жаңылу • психоздың белсенділенуі • орофациальді дискинезия • көз қимылының бұзылулары • сөйлеудің бұзылуы (мысалы, дизартрия немесе түсініксіз сөйлеу) • хореатетоидты бұзылыстар • шеткері неврит • парестезиялар • бұлшықеттің әлсіздігі және парез симптомдары. Карбамазепиннің қатерлі нейролептикалық синдромның дамуын туындататын немесе соған ықпал ететін препарат ретіндегі рөлі • әсіресе • ол нейролептиктермен бірге тағайындалғанда түсініксіз күйде қалады. Аллергиялық реакциялар: Жиі - есекжем; Кейде - эритродермия • қызбамен • тері бөртулерімен • васкулитпен (соның ішінде, тері васкулитінің көрінісі ретіндегі түйінді эритема), лимфоаденопатиямен • лимфомаға ұқсас белгілерімен • артралгиялармен • лейкопениямен • эозинофилиямен • гепатоспленомегалиямен және бауыр функциясының өзгерген көрсеткіштерімен (аталған көріністер әртүрлі біріктірілімдерде кездеседі) болатын баяу типтегі аса жоғары сезімталдықтың мультиағзалық реакциялары. Бұған басқа ағзалар да қосылуы мүмкін (мысалы, өкпе, бүйрек, ұйқы безі, миокард, тоқ ішек) • миоклонуспен және шеткері эозинофилиямен асептикалық менингит болуы мүмкін • анафилактоидтық реакция • ангионевроздық ісіну • аллергиялық пневмонит немесе эозинофильді пневмония. Жоғарыда аталған аллергиялық реакциялар пайда болғанда препаратты қолдану тоқтатылуы тиіс. Сирек - жегі тәрізді синдром • терінің қышынуы • көп формалы экссудаттық эритема (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы) • уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы) • фотосезімталдық. Қан түзу ағзалары жүйесі тарапынан: Жиі - лейкопения • тромбоцитопения • эозинофилия; Редко - лейкоцитоз • лимфоаденопатия • фолий қышқылының тапшылығы • агранулоцитоз • апластикалық анемия • шынайы эритроцитарлы аплазия • мегалобластты анемия • жедел «ұстамалы» порфирия • ретикулоцитоз • гемолиздік анемия • спленомегалия. Ас қорыту жүйесі тарапынан: Жиі - жүрек айну • құсу • ауыздың кеберсуі • гаммаглутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы (бауырдағы осы фермент индукциясының салдарынан) • сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы. Кейде - «бауыр» трансминазалары белсенділігінің жоғарылауы • диарея немесе іш қату • абдоминальді ауырулар. Сирек - глоссит • гингивит • стоматит • панкреатит • холестаздық • паренхиматоздық (гепатоцеллюлярлы) типтік гепатит • сарғаю • гранулематозды гепатит • бауыр жеткіліксіздігі. Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: Сирек - жүрекішілік өткізгіштіктің бұзылуы • артериялық қысымның төмендеуі немесе көтерілуі • брадикардия, аритмиялар • естен танулармен болатын атриовентрикулярлы блокада • коллапс • созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің өршуі немесе дамуы • ишемиялық жүрек ауруының өршуі (соның ішінде, стенокардия ұстамаларының пайда болуы немесе жиілеуі) • тромбофлебит • тромбоэмболиялық синдром. Эндокринді жүйе және зат алмасу тарапынан: Жиі - ісінулер • сұйықтық іркілісі • дене салмағының артуы • гипонатриемия (антидиурездік гормонның әсеріне ұқсас әсердің салдарынан плазма осмолярлығының төмендеуі • бұл сирек жағдайларда летаргиямен • құсумен • бас ауырумен • бағдардан жаңылумен және неврологиялық бұзылулармен қатар жүретін сұйылту гипонатриемиясына алып келеді); Сирек - пролактин концетрациясының жоғарылауы (галактореямен және гинекомастиямен қатар жүруі мүмкін); L-тироксин концентрациясының төмендеуі және тиреотропты гормон концентрациясының жоғарылауы (әдетте, клиникалық көріністермен қатар жүрмейді); сүйек тінінде кальций-фосфорлы алмасудың бұзылуы (қан плазмасындағы Ca2+ және 25-ОН-холекальциферол концетрациясының төмендеуі); остеомаляция, гиперхолестеринемия (тығыздығы жоғары липопротеиндер холестеринін қоса), гипертриглицеридемия және лимфалық түйіндердің ұлғаюы, гирсутизм. Несеп-жыныс жүйесі тарапынан: Сирек - интерстициальді нефрит • бүйрек жеткіліксіздігі • бүйрек функциясының бұзылуы (мысалы, альбуминурия • гематурия • олигурия • мочевинаның жоғарылауы/азотемия) • несеп шығарудың жиілеуі • несеп іркілісі • потенцияның төмендеуі. Тірек-қимыл аппараты тарапынан: Сирек - артралгия • миалгия немесе құрысулар Сезім ағзалары тарапынан: Сирек - дәм сезудің бұзылуы • көзішілік қысымның көтерілуі • көз бұршағының бұлыңғырлануы • конъюнктивит • естудің нашарлауы • соның ішінде құлақтың шуылдауы • гиперакузия • гипоакузия • дыбыс биіктігін қабылдау өзгерістері. Басқалары: тері пигментациясының бұзылуы • пурпура • акне • тершеңдік • алопеция.

Қосымша дәрі

Аджови, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 225мг/1,5мл

View Product

Бетагистин-Тева, таблеткалар 16 мг

View Product

Бетагистин-Тева, таблеткалар 24 мг

View Product

Копаксон®-Тева, 20 мг

View Product