Бетагистин-Тева, таблеткалар 24 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Неврология

Қолданылуы
Емдеу үшін - Меньер ауруы немесе Меньер синдромында - әр түрлі генездегі вестибулярлық бас айналуда (жүрек айнытатын және құстыратын бас айналуы, құлақтың шуылдауы, естімей қалу)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ұсынылған бастапқы дозасы – күніне 2 рет 16 мг, ішке тамақтану кезінде немесе одан кейін. Тәуліктік доза 48 мг дейін арттырылуы мүмкін. Емдеу курсы бойы дозаны емдік әсеріне байланысты түзетеді. Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер әр адамға жекелей тағайындайды. Тұрақты емдік әсері емдеудің екінші аптасынан кейін басталады. Анағұрлым жақсы нәтижелері бірнеше ай емдегеннен соң байқалады.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Бетагистин

Өнім Сипаттамасы
Бетагистин дигидрохлориді – гистаминнің синтетикалық аналогы. Ішкі құлақтың гистаминдік Н1 және Н3-рецепторларына және ОЖЖ вестибулярлық ядросына әсер етеді. Ішкі құлақтың микроқанайналымын және капиллярлардың өткізгіштігін жақсартады, базиллярлық артерияларда қан ағымын арттырады, лабиринтте және иірімде эндолимфаның қысымын қалпына келтіреді.
Жағымсыз әсерлері
Сирек • бас ауыру, ұйқышылдық • бассүйек ішілік қысымның көтерілуі • ысынуды сезіну • жүрек қағуы, жүрек тұсының қысуы • асқазан-ішек бұзылыстары: жүрек айну, құсу, қыжыл, эпигастрий аймағының ауыруы, метеоризм (егер препаратты тамақтану кезінде қабылдаса немесе дозаны азайтса, нұсқалған симптомдар айқындылығы азаяды) • сыртартқыда болған бронх демікпесінің өршуі, бөртпе, есекжем, қышыну, анафилаксиялық реакция

Қосымша дәрі

Аджови, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 225мг/1,5мл

View Product

Бетагистин-Тева, таблеткалар 16 мг

View Product

Копаксон®-Тева, 20 мг

View Product

Копаксон®-Тева, 40 мг

View Product