Копаксон®-Тева, 20 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Неврология

Қолданылуы
- алма-кезекті ағымдағы жайылған склерозда (өршудің жиілігін азайту, мүгедек ететін асқынулардың дамуын баяулату үшін). Копаксон®-Тева алғашқы немесе салдарлық үдемелі жайылған склероз үшін қолданылмайды
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер үшін ұсынылатын доза тәулігіне бір рет, дұрысы күннің белгілі бір уақытында, тері астына 20 мг глатирамер ацетаты (препарат ерітіндісімен толтырылған инъекцияға арналған бір шприц). Препаратты қолданудың ұзақтығы жөнінде деректер күні бүгінге дейін жоқ. Емдеу ұзақтығы жөніндегі шешімді дәрігер әрбір жағдай үшін жекелей қабылдайды. Ішінде препараты бар әрбір шприц тек бір реттік қолдануға ғана арналған. Шприцтің ішіндегі еріткішті араластырмаған, немесе оны қандай да болсын басқа препаратпен қатар енгізбеген жөн. Копаксон®-Тева тек теріастылық енгізіледі.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Жоқ

Өнім Сипаттамасы
Глатирамер ацетаты 4 табиғи амин қышқылымен: L-глутамин қышқылымен, L-аланинмен, L-тирозинмен және L-лизинмен түзілген синтетикалық полипептидтер қоспасының сіркеқышқыл тұзы болып табылады және химиялық құрылысы бойынша миелиннің негізгі ақуызымен ұқсас элементі бар.

Қосымша дәрі

Аджови, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 225мг/1,5мл

View Product

Бетагистин-Тева, таблеткалар 16 мг

View Product

Бетагистин-Тева, таблеткалар 24 мг

View Product

Копаксон®-Тева, 40 мг

View Product