Диклофенак-Тева, cуппозиторийлер №100 №10

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Неврология

Қолданылуы
Артриттерде: ревматоидтық артритте, остеоартритте, шорбуынданатын спондилоартритте, жедел подаграда, бұлшықет-қаңқа жүйесінің периартрит сияқты жедел бұзылыстарында (мысалы, иықтың қарысып қалуында), тендинитте, теносиновитте, бурситте, жарақат нәтижесінде туындаған басқа ауырсыну жағдайларында (сынуларды, созылуларды, шығып кетулерді қоса), ортопедиялық, стоматологиялық және басқа шағын операцияларда; бел ауыруында. Диклофенак-Тева 50 мг және 100 мг суппозиторийлері балаларда қолданылмайды.
Қолдану тәсілі және дозалары
Жағымсыз әсерлерін азайту үшін, ең төменгі тиімді дозасын симптомдарды бақылауға алу үшін қажетті аса қысқа уақыт аралығында қолдану керек. Ректальді енгізуге арналған. Суппозиторийлерді үлкен дәреттен кейін тік ішекке салу керек. Дозасы мен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер ауру ағымының ерекшеліктеріне және жағдайдың ауырлығына байланысты белгілейді. Ревматизм аурулары кезінде препаратпен емдеу ұзаққа созылуы мүмкін. Ересектер үшін ұсынылатын дозасы – тәулігіне 1 рет 100 мг 1 суппозиторийден. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 150 мг аспауы тиіс.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Диклофенак-Тева

Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакциялары жиілігіне қарай жіктелген, анағұрлым жиі кезесетіндері бірінші көрсетілген: өте жиі: (> 1/10); жиі (≥ 1/100, <1/10); жиі емес (≥ 1/1000, <1/100); сирек (≥1 / 10000, <1/1000); өте сирек (<1/10000); белгісіз: қолда бар мәліметтер бойынша бағалау мүмкін емес. Жиі: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, диарея, диспепсия, іш ауыруы, метеоризм, анорексия, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, бөртпе. Сирек: ұйқышылдық, қажу, демікпе (ентігуді қоса), аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар (гипотония мен шокты қоса), гастрит, асқазан-ішектен қан кетулер, қан құсу, геморрагиялық диарея, мелена, қан кетумен немесе перфорациямен немесе оларсыз асқазан-ішектің ойық жаралары (кейде, әсіресе, егде жастағы адамдарда өлімге соқтыратын), гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы, есекжем, суппозиторий қолданылған орында – жергілікті тітіркену, шырышты қабықтардан қанды бөліністер, ауырсынумен жүретін дефекация. Өте сирек: - бағдарсыздық, депрессия, ұйқысыздық, түнгі шым-шытырықтар, ашушаңдық, психоздық бұзылыстар, үрейлену, парестезия, жады бұзылуы, құрысулар, үрейлену, тремор, асептикалық менингит, дәм сезудің бұзылуы, ми қанайналымының бұзылуы, көрудің бұзылуы, анық көрмеу, диплопия, құлақтағы шуыл, естудің бұзылуы, гипертония, гипотония, васкулит, тромбоцитопения, лейкопения, анемия (соның ішінде, гемолиздік және апластикалық анемия), агранулоцитоз, ангионевроздық ісіну (беттің ісінуін қоса), пневмонит, колит (соның ішінде, геморрагиялық колит және ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының өршуі), іш қатуы, стоматит (соның ішінде, ойық жаралы стоматит), глоссит, өңеш функциясының бұзылуы, панкреатит, қауырт гепатит, бауыр некрозы, бауыр жеткіліксіздігі, буллездік бөртпелер, экзема, эритема, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), эксфолиативтік дерматит, шаштың түсуі, фотосезімталдық реакциялары, пурпура, аллергиялық пурпура, қышыну, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия, нефроздық синдром, интерстициальді нефрит, бүйректің папиллярлық некрозы, импотенция. Белгісіз: сананың шатасуы, елестеулер, сезімталдықтың бұзылулары, жалпы дімкәстік, көру жүйкесінің невриті, Коунис синдромы, ишемиялық колит.

Қосымша дәрі

Аджови, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 225мг/1,5мл

View Product

Бетагистин-Тева, таблеткалар 16 мг

View Product

Бетагистин-Тева, таблеткалар 24 мг

View Product

Копаксон®-Тева, 20 мг

View Product