Коринфар-Тева, босап шығуы ұзартылған қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Кардиология

Қолданылуы
- тұрақты стенокардияда (ширығу стенокардиясы) - вазоспазмдық стенокардияда (Принцметал стенокардиясы, нұсқалық стенокардия) - эссенциальді артериялық гипертензияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Препараттың дозаларын дәрігер аурудың ауырлығына және науқастың дәрі-дәрмекке сезімталдығына сәйкес жекелей таңдайды.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Нифедипин

Өнім Сипаттамасы
Коринфар-Тева 1,4-дигидропиридин туындылары кальций антагонистерінің өкілі болып табылады. Кальций антагонистері жоғары спецификалық формада әлеуеттілігіне тәуелді кальций өзектерімен реакцияға түседі және кальций иондарының жасушаға L типті кальций өзектері арқылы түсуін бөгейді. Жасуша ішінде кальций концентрациясының төмендеуі және сол арқылы импульстердің жасушаішілік берілісінің бәсеңдеуі жүреді. Коринфар-Тева ең алдымен коронарлық артериялар мен шеткері тамырлардың тегіс бұлшықетті жасушаларына әсер етеді. Оның салдары коронарлық және шеткері артерия тамырларының кеңеюі болып табылады. Емдік дозаларда қолданғанда Коринфар-Тева миокардқа тікелей әсер етпейді деуге болады. Коринфар-Тева коронарлық тамырлардың бұлшықет тонусын төмендетеді, соның нәтижесінде олардың кеңеюі жүреді және коронарлық қан ағымы ұлғаяды.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакциялардың анықталу жиілігі дәрежесінің критерийлері: жиі (≥1/100-ден <1 10 дейін); жиі емес (≥ 1 1000-нан><1 100 дейін); сирек (≥1 10000-нан>< 1/1000 дейін), белгісіз. Жиі: - бас ауыруы • бас айналуы • дімкәстік; - ісіну • қан тамырларының кеңеюі; - іштің қатуы Жиі емес: - аллергиялық реакция • аллергиялық/ангионевроздық ісіну (көмейдің ісінуін қоса); - үрей реакциялары • ұйқының бұзылуы • вертиго • бас сақинасы • тремор • парестезия • дизестезия • көрудің бұзылуы; • тахикардия • жүректің қағуы • гипотония • қалтырау • естен тану; • мұрынның бітелуі • мұрыннан қан кету; • асқазан-ішек бұзылыстары • іштің ауыруы • жүрек айну • құсу • диспепсия • іштің кебуі • ауыздың құрғауы; • бауыр ферменттері деңгейінің қысқа мерзімді жоғарылауы; • эритема • артрит • бұлшықеттің түйілуі; • полиурия, дизурия; • эректильді дисфункция • ауыруды сезіну Сирек: • қышыну • есекжем, • қызыл иек шырышты қабық гиперплазиясы Белгісіз: • агранулоцитоз • лейкопения • анафилаксиялық реакциялар; • гипергликемия • ұйқышылдық - көздің ауыруы • жүрек тұсының ауыруы • ентігу • гастроэзофагеальді рефлюкс • құсу • сарғаю • уытты эпидермалық некролиз • фотодерматоз • артралгия • миалгия

Қосымша дәрі

Атенолол-Тева, таблеткалар 25 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 10 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 5 мг

View Product

Клопидогрель-Тева, таблеткалар 75 мг

View Product