Коринфар ретард-Тева, босап шығуы ұзартылған қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Кардиология

Қолданылуы
- тұрақты стенокардияда (кернеулі стенокардиясы) - вазоспазмдық стенокардияда (Принцметал стенокардиясы, вариантты стенокардия) - эссенциальді артериялық гипертензияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Препараттың дозаларын дәрігер аурудың ауырлығына және науқастың дәрі-дәрмекке сезімталдығына сәйкес жекелей таңдайды.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Нифедипин

Өнім Сипаттамасы
Коринфар ретард-Тева 1,4-дигидропиридин туындылары кальций антагонистерінің өкілі болып табылады. Кальций антагонистері жоғары спецификалық формада әлеуеттілігіне тәуелді кальций өзектерімен реакцияға түседі және кальций иондарының жасушаға L типті кальций өзектері арқылы түсуін бөгейді. Жасуша ішінде кальций концентрациясының төмендеуі және сол арқылы импульстердің жасушаішілік берілісінің бәсеңдеуі жүреді. Коринфар ретард-Тева ең алдымен коронарлық артериялар мен шеткері тамырлардың тегіс бұлшықетті жасушаларына әсер етеді. Оның салдары коронарлық және шеткері артерия тамырларының кеңеюі болып табылады. Емдік дозаларда қолданғанда Коринфар ретард-Тева миокардқа тікелей әсер етпейді деуге болады. Жүректе Коринфар ретард-Тева коронарлық тамырлардың бұлшықет тонусын төмендетеді, соның нәтижесінде олардың кеңеюі жүреді және коронарлық қан ағымы ұлғаяды. Артериялық тамырлардың кеңеюіне байланысты, Коринфар ретард-Тева бір мезгілде шеткері тамыр кедергісін азайтады. Емдеудің басында жүректің жиырылу жиілігі мен жүректің минуттық көлемі рефлекторлы артуы мүмкін. Бұл артуының вазодилатацияның орнын толтыруы үшін айқындығы жеткіліксіз. Соның нәтижесінде қан қысымы төмендейді. Коринфар ретардпен-Тева ұзақ уақыт емдеуде жоғарылаған минуттық көлем бастапқы деңгейіне қайтып келеді. Әсіресе Коринфар ретардпен-Тева емдегенде қан қысымының нақты төмендеуі гипертониямен науқастарда білінеді.
Жағымсыз әсерлері
критерийлері: жиі (≥1/100-ден <1 10 дейін); жиі емес (≥ 1 1000-нан><1 100 дейін); сирек (≥1 10000-нан>< 1/1000 дейін), белгісіз. Жиі: • бас ауыруы • бас айналуы • дімкәстік; • ісіну • қан тамырларының кеңеюі; • іштің қатуы Жиі емес: • аллергиялық реакция • аллергиялық/ангионевроздық ісіну (көмейдің ісінуін қоса); • үрей реакциялары • ұйқының бұзылуы • вертиго • бас сақинасы • тремор • парестезия • дизестезия • көрудің бұзылуы; • тахикардия • жүректің қағуы • гипотония • қалтырау • естен тану; • мұрынның бітелуі • мұрыннан қан кету; • асқазан-ішек бұзылыстары • іштің ауыруы • жүрек айну • құсу • диспепсия • іштің кебуі • ауыздың құрғауы; • бауыр ферменттері деңгейінің қысқа мерзімді жоғарылауы; • эритема • артрит • бұлшықеттің түйілуі; • полиурия • дизурия; • эректильді дисфункция • ауыруды сезіну Сирек: • қышыну • есекжем, • қызыл иек шырышты қабық гиперплазиясы Белгісіз: • агранулоцитоз • лейкопения • анафилаксиялық реакциялар; • гипергликемия • ұйқышылдық • көздің ауыруы • жүрек тұсының ауыруы • ентігу • гастроэзофагеальді рефлюкс • құсу • сарғаю • уытты эпидермалық некролиз • фотодерматоз • артралгия • миалгия

Қосымша дәрі

Атенолол-Тева, таблеткалар 25 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 10 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 5 мг

View Product

Клопидогрель-Тева, таблеткалар 75 мг

View Product