• ашушаңдықпен, үреймен, қорқынышпен, мазасыздықпен, стресспен, зейіннің төмендеуімен, қатты шаршаумен, психикалық ширығу күйімен қатар жүретін неврастениялық синдромның жеңіл түрлері («менеджер синдромы)
• ұйқы бұзылыстарының жеңіл түрлері/ұйқысыздық
• неврозбен байланысты есте сақтаудың бұзылулары
• бас сақинасының адъювантты емі, жүйкенің қатты ширығуы себеп болатын вазомоторлық сипаттағы бас ауырулары, нейроциркуляторлық астениямен болатын психосоматикалық тамыр бұзылыстары, нейрогенді тетания, беттің ауырулары және климактериялық синдром
• функционалдық гастропатия, органикалық зақымдануларсыз диспепсия синдромы, «тітіркенген ішек» синдромы, асқазан зондын енгізуден және невроз белгілерімен болатын органикалық аурулардың адъювантты емі ретінде
• қышынумен қатар жүретін психосоматикалық дерматоздар емі (есекжем, атопиялық экзема және т.б.)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ново-Пассит 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет қабылданады. Қажет болса, тәуліктік дозаны тәулігіне 3 рет 2 таблеткаға дейін арттыруға болады. Қажетсіз мәңгіру пайда болған жағдайда таңертеңгі және күндізгі дозаларын ½ таблеткаға, ал кешкілік дозада 1 таблетканы қабылдау қажет. Дозалануын пациенттің реакциясына қарай өзгертуге болады. Препарат қабылдау арасындағы аралық 8 сағат болуы тиіс.
Ново-Пассит таблеткаларын сусындармен бірге қабылдаған дұрыс (шай, шырын). Асқазан-ішек жайсыздығы немесе жүрек айну сезімі пайда болған жағдайда препаратты тамақпен бірге қабылдаған жөн.
• бас айналу
• шаршағыштық, ұйқышылдық
• аллергиялық реакциялар, экзантема
• жүрек айну, құсу, түйілулер, қыжыл, диарея, іш қату
• зейін қоюдың төмендеуі
Барлық жағымсыз әсерлердің белгілері препаратты тоқтатқаннан кейін тез жоғалады.