Ново-Пассит, Раствор для приема внутрь

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Успокоительные средства

Қолданылуы
• ашушаңдықпен, үреймен, қорқынышпен, мазасыздықпен, стреспен, зейіннің төмендеуімен, қатты шаршаумен, психикалық ширығу күйімен («менеджер синдромы) қатар жүретін неврастениялық синдромның жеңіл түрлері • ұйқы бұзылыстарының жеңіл түрлері/ұйқысыздық • неврозбен байланысты есте сақтаудың бұзылулары • бас сақинасының адъювантты емі, жүйкенің қатты ширығуы себеп болатын вазомоторлық сипаттағы бас ауырулары, нейроциркуляторлық астениямен болатын психосоматикалық тамыр бұзылыстары, нейрогенді тетания, беттің ауырулары және климактериялық синдром • функционалдық гастропатия, органикалық зақымдануларсыз диспепсия синдромы, «тітіркенген ішек» синдромы, асқазан зондын енгізуден және невроз белгілерімен болатын органикалық аурулардың адъювантты емі ретінде • қышынумен (есекжем, атопиялық экзема және т.б.) қатар жүретін психосоматикалық дерматоздар емі
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер Ново-Пассит тәулігіне 3 рет 5 мл ерітіндіден (1 шай қасық) қабылданады. Қажет болса, тәуліктік дозаны тәулігіне 3 рет 10 мл дейін арттыруға болады. Қолайсыз мәңгіру білінген жағдайда таңертеңгі және күндізгі дозаларын жартылай азайтумен 2,5 мл, ал кешкілік 5 мл қабылдау қажет. Дозалануын пациент реакциясына қарай өзгертуге болады. Препарат қабылдау арасындағы аралық 8 сағат болуы тиіс.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Жоқ

Жағымсыз әсерлері
Сирек жағдайларда мынадай қолайсыз реакциялар білінуі мүмкін: бас айналу, шаршау, ұйқышылдық, аллергиялық реакциялар, экзантема, асқазан-ішек жолының бұзылыстары (жүрек айну, құсу, түйілулер, қыжыл, диарея, іш қату), зейін қоюдың төмендеуі, олар препаратты тоқтатудан кейін басылады.

Қосымша дәрі

Ново-Пассит, таблетки №100

View Product

Ново-Пассит, таблетки №30

View Product

Ново-Пассит, таблетки №60

View Product