• ауырумен, жүрек айнуымен және құсумен қатар жүретін өңештің, асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығының қабыну және эрозиялық өзгерістерін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Әр қабылдаудың алдында құтыны шайқау керек.
Ересектерге күніне 3 – 4 рет ас ішкенге дейін 10-15 минут бұрын 5 – 10 мл-ден (1 – 2 өлшеуіш қасық немесе 1 пакет) қабылдау ұсынылады.
Емдеудің ең жоғарғы ұзақтығы - 7 күн, содан кейін Алмагельмен® емдеуге көшеді.
Алмагель® А қабылдағаннан кейін 15 минут бойы сұйықтық ішуге болмайды.
• іштің қатуы, іш өтуі, жүрек айнуы, құсу, асқазанның түйілулері, дәм сезудің өзгеруі
• гипермагниемия, гипофосфатемия (гипофосфатемияның жеңіл түрлері симптомсыз өтеді)
• жергілікті және жалпы типтегі аллергиялық реакциялар
• нейроуыттылық (бүйрек жеткіліксіздігі бар және диализдік емдеуде жүрген науқастар ұзақ қабылдағанда көңіл-күйдің немесе ақыл-ой белсенділігінің өзгеруі
• остеомаляция (тамақта фосфордың тапшы болуымен қатар және қанда фосфор деңгейінің төмендеуіне байланысты препараттың жоғары дозасын ұзақ қабылдағанда сүйектің жұмсаруы білінеді).