Алмагель® , Ішуге арналған сусп. 170 мл 1 фл

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Пищеварительная система

Қолданылуы
• қыжылда, гастритте, асқазанның және он екі елі ішектің ойық-жарасында жоғары қышқылдылық жай-күйін антацидті емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Қабылдар алдында құтыны шайқау керек. Симптоматикалық антацидті терапия Ас қорыту жолының жоғары бөлімдерінің шырышты қабатында протективті әсеріне жету үшін препаратты тамақ ішкенге дейін 10-15 минут бұрын қабылдайды. Ересектерге және 15 жастан асқан балаларға 5-10 мл (1-2 өлшеуіш қасық) күніне 3-4 рет. Қажет болса, бір реттік дозаны 15 мл (3 өлшеуіш қасық) дейін жоғарылатуға болады. Емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін күніне тәуліктік дозаны күніне 3-4 рет 5 мл-ге дейін азайтады (1 өлшеуіш қасық). Емнің ұзақтығы 15-20 күннен аспауы тиіс. Препаратты тамақ ішкеннен кейін 45-60 минуттан соң және кешке ұйықтар алдында қабылдайды. Препаратты қабылдағаннан кейін жатып, бірнеше рет (әрбір 1-2 минуттан кейін) бүйірден бүйірге аунау керек (асқазан шырышты қабығында оның таралуын жақсарту үшін).



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Жоқ

Жағымсыз әсерлері
• іш қату, жүрек айнуы, диарея, құсу, асқазанның түйілулері, дәм сезудің өзгеруі - қандағы магний, алюминий деңгейінің жоғарылауы және фосфор мөлшерінің төмендеуі - қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну және анафилаксиялық реакциялар сияқты аллергиялық реакциялар - нейроуыттылығы (бүйрек жеткіліксіздігі бар және диализдік емдеуде жүрген науқастар ұзақ қабылдағанда көңіл-күйдің және ақыл-ой белсенділігінің өзгеруі) - остеомаляция (тағамдағы фосфор тапшылығымен қатар препараттың жоғары дозаларын ұзақ қабылдағанда)

Қосымша дәрі

Алмагель® А, Ішуге арналған сусп. 170 мл 1 фл

View Product

Алмагель® А, Ішуге арналған сусп., 10 мл пакетик, №10

View Product