Троксевазин, капсулы 300 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Для вен

Қолданылуы
Кешенді ем құрамында: • варикоз алды және варикозды синдромдар • беткейлік тромбофлебит, флебит, перифлебит және флебиттен кейінгі синдром • созылмалы веноздық жеткіліксіздік • веналардың варикозды кеңеюі кезіндегі трофикалық бұзылыстар • геморрой • ретинопатия • контузияларды, созылуларды, шығып кетулерді, бұлшықеттердің ауыруларын біріктіріп емдеу • жарақаттан және венаның варикозды кеңеюі кезінде пайда болатын ауыру сезімі мен ісінулер, варикозды дерматит
Қолдану тәсілі және дозалары
Троксевазин капсулалары тамақтанғанда ішке қабылданады. Әдеттегі дозасы – күніне 2 капсуладан. Емдеу симптомдары мен ісінулер басылғанға дейін, әдетте 2 апта, жалғасады. Демеуші ем ретінде – күніне 1 капсуладан 3-4 апта бойы. Бұл емді Троксевазин гелін қолданғанда біріктіруге болады. Троксевазинмен емдеудің нәтижелі болуы оны қабылдаудың тұрақтылығына, дұрыс дозалануы мен емнің ұзақтығына байланысты. Клиникалық тәжірибе көрсеткендей, кейде қажетті әсері тәуліктік доза 600 мг артық болғанда байқалады. Ең жоғары тәуліктік доза 900 мг (күніне 3 рет 1 капсуладан) құрайды. Жіберіп алған қабылдаудың орнын толтыру үшін көрсетілген дозадан жоғары мөлшерде қабылдауға болмайды.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Троксерутин

Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз құбылыстардың жалпы жиілігін плацебодағымен салыстыруға болады. Жағымсыз реакцияның туындау жиілігі былайша бағаланады: "өте жиі" - > 1/10, "жиі" - > 1/100-ден < 1/10 дейін, "кейде" - > 1/1000-ден < 1/100 дейін, "сирек" - > 1/10000-ден < 1/1000 дейін, "өте сирек" - < 1/10000. Кейде • жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия • есекжем және қышыну Сирек • бас ауыруы және ұйқының бұзылуы • АІЖ эрозивті-ойық жаралы зақымданулары

Қосымша дәрі

Троксевазин, гель 2% 100г

View Product

Троксевазин, гель 2% 40г

View Product