• соғылулардан, басылып қысылудан, жарақаттардан кейінгі гематомалар және жұмсақ тіндердің, бұлшықеттердің, сіңірлердің, байламдардың қабынуында
• невралгияда
• байламдар созылуы немесе үзілуі бар буындардың жарақатында
• иық• жауырын периартритінде, иық эпикондилитінде (“теннисшінің шынтағы”), тендиниттерде (сіңірлердің қабынуы), бурситтерде (буындар шырышты қалталарының қабынуы)
• артриттерде, деформацияланатын остеоартритте (периартикулярлық тіндер зақымданулары болғанда)
• беткейлік тромбофлебиттерде, созылмалы вена жеткіліксіздігі аясындағы трофикалық ойық жараларда
Қолдану тәсілі және дозалары
Долобене гелін терінің зақымданған жерлеріне немесе терінің ауыратын (домбығу, ісіну, қабыну) аймақтың терісіне, гельді тікелей жаралар мен сыдырылған жерлерге тигізбеуге тырыса отырып, жұқалап, жеңілдеу қабатпен жағады. Долобене гель препараты жағылатын тері бөлігі кірден, косметикадан, басқа дәрілік заттар мен химиялық заттардан тазартылуы тиіс. Таңғыштар пайдаланған кезде гельді жаққаннан кейін гельдің негізгі массасы сіңгенше және спирт (изопропанол) ұшып кеткенше бірнеше минут күте тұру керек. Бұл әсіресе ауаны нашар өткізетін таңғыштар қолданылған жағдайда маңызды. Гельдің құрамында спирт (изопропанол) болғандықтан, препарттың ашық жараларға тиюі ауырсыну реакцияларын туғызатынын ескерген жөн.
Тізенің соғылған бетін түгел қамту үшін әдетте сықпадан 3-4 см гельді сығып шығару жеткілікті. Ем-шараны 7-10 күн ішінде немесе ауыру, домбығу, ісіну, қабыну сияқты ауру симптомдары жоғалғанға дейін тәулігіне 2-4 рет қайталайды.
Егер 10 күн бойы емдегенде айқын жақсару басталмаса, дәрігерге жүгіну қажет.
Долобене гелі және ионофорез
Бұл препартты ионофорезде қолдануға болады. Препарат құрамындағы гепарин терінің рН қатысты анион ретінде көрініс береді. Препаратты катодты әсермен жағу гепаринің зақымданған аймаққа жоғары көлемде өтуіне ықпал етеді, ал диметилсульфоксид электр тогының әсерімен синергиялық әсерін (ауыруды басу, жергілікті ісінуді азайту) байқатады.
Сақтық шаралары: Электр тогымен өз бетінше емделудің теріні тітіркендіретін жергілікті реакцияларды туғызуы мүмкін екенін ескеру қажет. Сондықтан Долобене гелін қолдану осы жергілікті реакцияларды күшейтпеуі үшін аспап өндірушілерінің нұсқаулығын мұқият ұстану қажет. Электродтардың ылғалды губкамен толық жабылуына әрдайым назар аудару керек.
Долобене гель және ультрадыбыс (фонофорез)
Бұл препарт ультрадыбыспен (фонофорез) емдегенде жақсы жанаспалы гель болып табылады. Гельдің әсер етуші заттары (диметилсульфоксид және гепарин) ультрадыбыстық толқындардың емдік әсерін толықтыра түседі.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігі былайша жіктеледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (от ≥ 1/1000 до < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10 000), белгісіз (қолда бар деректермен бағалау мүмкін емес).
Иммун жүйесі бұзылыстары
Жиі емес
• ДМСО және гельдің басқа компоненттері аллергиялық тері реакциялары, жанаспалы дерматитті тудыруы мүмкін
Өте сирек
• жекелеген жағдайларда есекжем және Квинке ісінуімен жедел аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін