Кандибене® препаратын кешке аяғын тізе тұсында бүгіп, шалқасынан жатып аппликатордың көмегімен қынап ішіне барынша терең енгізеді. Емдеуді курстап жүргізеді: қынаптық 200 мг Кандибене® препаратының 1 таблеткасын күнделікті 3 күн бойы немесе 100 мг 6 күн бойы енгізу керек. Қажет болған жағдайда курстық емді қайталауға болады. Кандибене® қолдануда жақсы емдік нәтижеге жету үшін аурудың жедел белгілерінің бетін қайтарғаннан кейін, емдеуді бірден тоқтатуға болмайды.