Тевазон, спрейі 50 мкг/доза - 140 доз

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Тыныс алу жүйесі

Қолданылуы
- ересектер мен 6 жас және одан асқан балалардағы маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринитте - орташа ауырлықтағы және ауыр ағымды аллергиялық риниттің профилактикасында, күтілетін маусымдық өршу басталғанға дейін 2 – 4 апта ішінде қолдану ұсынылады - ересектердегі мұрын полипозында
Қолдану тәсілі және дозалары
Алғаш қолданар алдында дозалағыш құрылғыны 10 рет басу арқылы калибрлеу жүргізілуі қажет. Калибрлеуден кейін дәрілік заттың дағдылы берілуі қойылады, онда дозалаушы құрылғыны әрбір басқанда шамамен 100 мг суспензия лықсып шығады, оның құрамында 50 мкг мометазон фуроатына баламалы мөлшерде мометазон фуроаты (моногидрат түрінде) болады.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Мометазон

Өнім Сипаттамасы
Мометазон фуроаты жергілікті қолдануға арналған синтетикалық кортикостероид болып табылады, ол айқын қабынуға қарсы әсер етеді. Мометазон фуроатының жергілікті қабынуға қарсы әсері жүйелік әсерлері туындамайтын дозаларда болады. Негізінен мометазон фуроатының қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер ету механизмі оның аллергиялық реакциялар медиаторлары бөлінуін бәсеңдету қабілетімен байланысты. Мометазон фуроаты аллергиялық аурулары бар пациенттердің лейкоциттерінен лейкотриендер синтезін/босап шығуын бірталай азайтады. Мометазон фуроаты жасушалар өсірінділерінде ИЛ-1, ИЛ-6 және ІНФ-α синтезін/босап шығуын бәсеңдетуге қатысты 10 есе анағұрлым жоғары белсенділігін көрсеткен. Ол сондай-ақ адамның CD4+ Т-жасушаларынан өндірілетін Th2-цитокиндері, ИЛ-4 және ИЛ-5 күшті тежегіші болып табылады. Мұрын шырышты қабығына антигендер жағылатын түрткі болар тестілермен зерттеулерде аллергиялық реакцияның ерте, әрі кешеуілдеген сатысында Мометазон фуроаты мұрын спрейінің қабынуға қарсы жоғары белсенділігі анықталған. Бұл гистамин деңгейі мен эозинофилдер белсенділігі төмендеуімен (плацебомен салыстырғанда), сондай-ақ эозинофилдер, нейтрофилдер санының және эпителий жасушалары ақуыздар адгезиясының төмендеуімен (бастапқы деңгейімен салыстырғанда) расталды.
Жағымсыз әсерлері
Аллергиялық ринитте Жиі • мұрыннан қан кету • фарингит • күйдіру • мұрын шырышты қабығының тітіркенуі және ойық жаралы өзгерістер • бас ауыруы • Мұрын полипі кезінде Өте жиі • мұрыннан қан кету Жиі • тамақтың жыбырлауы • жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары • бас ауыруы Сирек • диспноэ мен бронх түйілуін қоса • аса жоғары сезімталдық реакциялары • глаукома • көзішілік қысымның жоғарылауы • катаракта • анық көрмеу Өте сирек • анафилаксия және ангионевроздық ісіну • дәм және иіс сезудің бұзылуы • мұрын қалқасының тесілуі Глаукоманың дамуы • көзішілік қысымның жоғарылауы • мұрынішілік кортикостероидтар тағайындаған кездегі катаракта туралы сирек хабарламалар бар.

Қосымша дәрі

Амбробене-Тева, инъекцияға арналған ерітінді, 15 мг/2.0 мл

View Product

Беклазон Эко Лёгкое Дыхание, 100 мкг/доза;

View Product

Беклазон Эко Лёгкое Дыхание, 250 мкг/доза

View Product

Назарел-Тева, 50 мкг/доза, мұрынға арналған дозаланған спрей

View Product