Актиферрин, Ішуге арналған тамшылар, 30 мл

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Басқа

Қолданылуы
- темір тапшылық анемияны емдеу және профилактикасы
Қолдану тәсілі және дозалары
Актиферрин-Тева тікелей тамақтанар алдында немесе тамақтану кезінде аздаған мөлшердегі сұйықтықпен (жеміс шырыны немесе су) ішке қабылдайды. Егер емдеуші дәрігер өзге дозаны тағайындамаса, онда төменде келтірілген нұсқауларды қатаң ұстану керек.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Жоқ

Өнім Сипаттамасы
Темір организмнің тіршілік әрекетіне қажет: ол гемоглобин, миоглобин, әртүрлі ферменттер құрамына кіреді; оттегін қайтымды байланыстырады және бірқатар тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысады; эритропоэзді көтермелейді. Актиферрин-Тева құрамына кіретін серин альфа-аминқышқылы оның организмде қалыпты мөлшерде болуын жылдам қалпына келтіре отырып, темірдің едәуір тиімді сіңуіне және оның жүйелі қан ағымына түсуіне ықпал етеді. Бұл препараттың жақсы көтерімділігін қамтамасыз етеді және темірдің қажетті мөлшерін азайтуға жол береді. Актиферрин-Тева тамшылары препаратын қабылдау эритропоэзді көтермелейді, гематологиялық көрсеткіштерді қалпына келтіреді, қан сарысуында темір концентрациясының қалпына келуіне ықпал етеді, ол клиникалық (әлсіздік, қажығыштық, бас айналуы, тахикардия, тері жабындарының құрғауы) және зертханалық белгілердің біртіндеп кері дамуына әкеледі.
Жағымсыз әсерлері
Актиферрин-Тева тамшыларын кез келген жастағы науқастар жақсы көтереді. Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000). Жиі • жүректің айнуы • асқазанда ауырлық сезімі • метеоризм • іш қатулар немесе диарея • олар дозаны азайтқан кезде немесе препаратты тамақпен бірге қабылдағанда жоғалады Сирек • аллергиялық тері реакциялары Белгісіз • дұрыс қолданбаумен (тамшының ауыз ішінде кідіруімен) байланысты ауыз аймағында ойық жаралар

Қосымша дәрі

Актиферрин, Шәрбат, 100 мл

View Product