Агалатес, таблеткалар 0.5 мг №8

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Онкология

Қолданылуы
- физиологиялық босанудан кейінгі лактацияны бәсеңдетуде (тек медициналық көрсетілімдер бойынша); - орныққан лактацияны бәсеңдетуде (тек медициналық көрсетілімдер бойынша); - гиперпролактинемиямен байланысты бұзылуларда (аменорея, олигоменорея, ановуляция, галакторея сияқты функционалдық бұзылыстарды қоса); - пролактин бөліп шығаратын гипофиз аденомаларында (микро- және макропролактиномалар); - идиопатиялық гиперпролактинемияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Каберголин, дұрысы, ас ішу кезінде ішке қабылданады.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Каберголин

Өнім Сипаттамасы
Допамин рецепторларының агонисті. Каберголин – синтетикалық қастауыш алкалоиды, эрголин туындысы, пролактин секрециясын тежейтін ұзақ әсер етуші допамин агонисті. Каберголиннің әсер ету механизмі гипоталамустың орталық допамин рецепторларының көтермеленуін қамтиды. Пролактин секрециясын бәсеңдету үшін қажет болатынынан едәуір жоғары дозаларында препарат допамин D2-рецепторларының көтермеленуінен болатын орталық допаминергиялық әсер туғызады. Препарат әсері дозаға тәуелді сипатта болады. Қанда пролактин секреция мөлшерінің азаюы, әдетте, 3 сағаттан соң байқалады және 2-3 апта бойы сақталады, осыған орай, сүт бөлінісін бәсеңдетуге, әдетте, препараттың бір дозасын қабылдау жеткілікті. Гиперпролактинемияны емдегенде қандағы пролактин мөлшері препарат тиімді дозада қолданылған 2-4 аптадан соң қалпына түседі. Пролактиннің қалыпты деңгейі препаратты тоқтатқаннан кейін бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін. Каберголин жоғары селективті әсер иеленеді және басқа да гипофиз және кортизол гормондарының базальді секрециясына ықпал етпейді. Емдік әсерімен байланыссыз бірден-бір фармакодинамикалық әсері АҚ төмендеуі болып табылады. Ең жоғары гипотензиялық әсері, әдетте, препаратты бір рет қабылдағаннан кейін 6 сағаттан соң дамиды; АҚ төмендеу дәрежесі мен гипотензиялық әсерінің даму жиілігі дозаға тәуелді.
Жағымсыз әсерлері
Қолайсыз әсерлері, әдетте, дозаға байланысты болады және оны біртіндеп төмендеткенде азаяды. Лактацияны бәсеңдету: қолайсыз құбылыстар шамамен 14% пациентте дамиды. Ең жиілері: АҚ төмендеуі (12%), бас айналу (6%) және бас ауыру (5%). Ұзақ уақыт емделгенде осы әсерлер жиілігі 70% дейін арта түседі. Өте жиі (> 10%) • жүрек вальвулопатиясы (соның ішінде регургитация) және онымен байланысты бұзылулар (перикардит және перикардиальді жалқық) Жиі (≥1/100, <1/10) • депрессия • бас ауыру және бас айналу • парестезиялар • шаршау сезімі • ұйқышылдық • АҚ төмендеуі • жүректің жиі соғуы және кеуденің ауыруы • жүрек айну • құсу • гастралгия • гастриттер • іш қатулар • бет терісінің гиперемиясы • ентігу • кеуденің, белдің ауыруы • шеткері ісінулер Жиі емес (≥1/1000, <1/100) • гемианопсия • мұрыннан қан кетулер Сирек (≥1/10 000, <1/1000) • тері бөртпесі • естен танулар • саусақтардың және балтыр бұлшықеттерінің құрысуы • бауыр функциясының бұзылуы АҚ төмендеуі (сын. бағ. 20 мм-ден көп систолалық және сын. бағ. 10 мм-ден көп диастолалық қысымның төмендеуі) босанудан кейінгі әйелдерде каберголинді 1 мг дозада бір рет қабылдаған соң 3-4 күн өткенде білінген. Қолайсыз құбылыстар, әдетте, алғашқы екі аптада дамиды, артынан азаяды немесе басылады. Жағымсыз әсеріне орай препаратты тоқтату 3% жағдайда қажет болды. Постмаркетингтік бақылау Каберголинмен емдеу, әсіресе, Паркинсон ауруына шалдыққан пациенттерде күндізгі уақыттағы шектен тыс ұйқышылдықпен және кенеттен ұйықтап кету көріністерімен қатар жүрген. Паркинсон ауруы бар пациенттерде, әсіресе, жоғары дозалардағы каберголин қамтылатын допамин агонистерімен емделгенде либидо жоғарылауы жөнінде хабарламалар бар. Сонымен қатар, каберголинмен емделгенде плевралық жалқықтар, плевралық фиброз, вальвулопатия, тыныс алу бұзылулары (соның ішінде тыныс алу жеткіліксіздігі) болған.

Қосымша дәрі

Агалатес, таблеткалар 0.5 мг №2

View Product

Летрозол Актавис таблеткалар 2,5 мг №30

View Product

Лейковорин-Тева, Инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/мл – 5 мл

View Product