Амбробене®-Тева, 100 мл шәрбат

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

При простуде и боли

Қолданылуы:

- секрецияның бұзылуымен және қақырықтың қиын өтуімен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық терапиясы

Қолдану тәсілі және дозалары:

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күнде тәулігіне 3 рет 10 мл шәрбаттан (2 өлшегіш стақан) (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), одан әрі тәулігіне 2 рет 10 мл шәрбаттан (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Қажеттілігі болған жағдайда емдік әсерді күшейту үшін тәулігіне 2 рет (күніне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы) 20 мл шәрбат (4 өлшегіш стақан) тағайындауға болады. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: 5 мл (1 өлшеуіш стақан) тәулігіне 2-3 рет (күніне 30-45 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 3 рет 2,5 мл (½ өлшегіш стақан) (күніне 22,5 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). 2 жасқа дейінгі балалар: 2,5 мл (½ өлшегіш стақан) тәулігіне 2 рет (күніне 15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Препаратты 2 жасқа дейінгі балаларда қолдану дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдануға болады. Препаратты қоса беріліп отырған өлшегіш стақанның көмегімен тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Амброксол

Product Materials


Жағымсыз әсерлері:

Жағымсыз құбылыстар төменде жүйелік-ағзалық кластар және келесі жіктеу бойынша жиілік бойынша төменде келтірілген: өте жиі ≥ 1/10, жиі ≥ 1/100 дейін <1/10, жиі емес ≥1/1000 дейін <1/100, сирек ≥1/10,000 дейін <1/1000, өте сирек <1/10,000, белгісіз: жиілігі белгісіз жағымсыз реакциялар, өйткені қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары, белгісіз: анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну және қышыну. Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар сирек: бөртпе, есекжем, белгісіз: терінің ауыр реакциялары (көп формалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын/ уытты эпидермальді некролизді және жедел жайылған экзантематозды пустулезді қоса). Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар жиі: жүрек айну, жиі емес: құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, өте сирек: сілекейдің қатты бөлінуі. Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірек орта мүшелер тарапынан бұзылулар: белгісіз: ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциясының симптомы ретінде) Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізу орнындағы реакциялар: жиі емес: қызба, жергілікті шырышты қабық реакциялары.


Қосымша дәрі

Туссамаг сироп без сахара

View Product

Декатилен™, таблетки для рассасывания №40

View Product