Финлепсин, таблеткалар 200 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Неврология

Қолданылуы:

- эпилепсияда: күрделі немесе қарапайым парциальді құрысу ұстамаларында; ұйқы кезінде туындайтын жайылған тонусты-клонустық құрысу ұстамаларында (әсіресе, салдарлы жайылумен); құрысу ұстамаларының аралас формаларында - үшкіл жүйкенің идиопатиялық невралгиясында - тілжұтқыншақ жүйкесінің идиопатиялық невралгиясында - диабеттік невропатия кезіндегі ауыруда - жайылған склероз кезіндегі үшкіл жүйке невралгиясында - алкогольдік абстиненттік синдром кезінде стационар жағдайларында құрысу ұстамалары дамуының алдын алу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары:

Карбамазепинмен емдеуді пациенттің клиникалық жағдайына байланысты жекелей таңдалған төмен дозасынан бастау керек. Дозасын біртіндеп оңтайлы демеуші дозасына дейін арттырады. Тәуліктік дозасы бір реттік 1 немесе 2 дозасын, 400-ден 1200 мг дейінгі карбамазепин шамасында құрайды. Жоғарырақ дозаларында күрделі жағымсыз реакциялардың дамитындығына байланысты, ең жоғарғы тәуліктік дозасы (жекелеген жағдайларда) 1600 мг аспауы тиіс. Препараттың оңтайлы дозасын таңдау үшін белсенді затының қан плазмасындағы деңгейін анықтап алу пайдалы болуы мүмкін. Карбамазепиннің емдік концентрациялары 4-тен 12 мг/мл дейін құрауы тиіс.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Карбамазепин

Product Materials


Өнім Сипаттамасы:

Карбамазепин иминостильбен туындысы болып табылады. Трициклдық антидепрессанттармен химиялық тұрғыдан аздап, және фенитоинмен – фармакологиялық тұрғыдан ұқсастыққа ие. Карбамазепиннің нақты әсер ету механизмі белгісіз. Емдік әсеріне ең алдымен қозудың синапстық берілісінің тежелуі, және соның салдары ретінде, құрысу ұстамалары таралуының азаюы түрткі болады. Жоғарырақ концентрацияларында карбамазепин тетаниядан кейінгі күшеюінің төмендеуін туғызады. Үшкіл жүйке невралгиясы кезіндегі ауырсыну сезімдерінің айқындығын азайтады. Бұл әсеріне үшкіл жүйенің жұлындағы ядросында тітіркенудің синапстық берілісінің тежелуі түрткі болады.

Жағымсыз әсерлері:

Жағымсыз әсерлері дозасына тәуелді, әдетте, емдеуді тоқтатқаннан немесе дозасын төмендеткеннен кейін бірнеше күн ішінде жойылады. Жүйке жүйесімен байланысты реакциялар, артық дозалануының немесе сарысудағы концентрацияларының ауқымды ауытқуларының салдары болуы мүмкін. Бұл жағдайда, дәрілік заттың концентрациясын бақылап отыру керек, сондай-ақ, жалпы дозасын бөлген дұрыс. Байқалған жағымсыз әсерлер көбінесе, монотерапия кезіндегіге қарағанда, біріктіріп емдеу кезінде туындап отырған. Саны артып келе жатқан мәліметтер генетикалық маркерлер (HLA-A*3101 аллелі мен HLA-B*1502 аллелі) мен СДС, УЭН, DRESS, AGEP және макулопапулалық бөртпе сияқты терінің ауыр жағымсыз реакцияларының туындауы арасында өзара байланыс барын көрсетеді («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Көбінесе мыналар туындауы мүмкін: бас айналуы • ұйқышылдық • седативтік әсері • шаршау • мишықтық атаксия • бас ауыруы • диплопия • дімкәстану • құсу немесе аллергиялық реакциялар. Егде жастағы пациенттер мазасыздық пен сананың шатасуын сезінуі мүмкін. Карбамазепинмен емдеу кезінде келесі жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін. Жағымсыз әсерлер: өте жиі: > 1/10; жиі: ≥1 / 100, <1/10; жиі емес: ≥1 / 100, <1/100; сирек ≥1 / 10 000, <1/1000; өте сирек: <1/10 000, және бірен-саран жағдайларда туындауы мүмкін. Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар Өте жиі: лейкопения Жиі: тромбоцитопения, эозинофилия Сирек: лейкоцитоз, лимфоаденопатия, фолий қышқылының тапшылығы Өте сирек: агранулоцитоз, апластикалық анемия, панцитопения, сүйек кемігінің аплазиясы, анемия, мегалобластты анемия, порфирия, ретикулоцитоз, гемолиздік анемия. Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар Сирек: қызбамен • тері бөртпелерімен • васкулитпен • лимфаденопатиямен • буындардың ауыруымен (артралгия) • лейкоциттер санының өзгеруімен • эозинофилиямен • бауыр мен көкбауырдың ұлғаюымен жүретін баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциялары • немесе бауыр сынамаларының аномальді нәтижелері • сонымен қатар • өкпе • бүйрек • ұйқы безі • миокард және тоқ ішек сияқты басқа ағзаларды да қамтуы мүмкін. Өте сирек: клонустық құрысулармен және эозинофилиямен • анафилаксиямен және ангионевроздық ісінумен жүретін асептикалық менингит. Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар Жиі: гипонатриемия • бұл сұйықтық іркілуін • ісінулерді • дене салмағының артуын • плазма осмостығының төмендеуін туғызады. Сирек жағдайларда бұл құсуға • бас ауыруына және сирек – сананың шатасуына • сылбырлыққа және басқа неврологиялық бұзылуларға (яғни, сумен уыттануға) алып келеді. 11.10.2018 ЕСЭДО ГО (версия 7.13.2) Өте сирек: пролактин деңгейінің клиникалық симптомдармен немесе оларсыз жоғарылауы (галакторея және гинекомастия); қалқанша без функциялары тестілерінің аномальді нәтижелері - L-тироксин (FT4, T4, T3) деңгейінің төмендеуі және ТТГ жоғарылауы • ол әдетте • клиникалық көріністерсіз жүреді • сүйек метаболизмі көрсеткіштерінің бұзылулары (қан плазмасындағы кальций мен 25-гидроксиколекальциферол деңгейінің төмендеуі • ол остеомаляцияға/остеопорозға алып келуі мүмкін) • тығыздығы жоғары липопротеидтер мен триглицеридтерді қоса • холестерин деңгейінің жоғарылауы. Бірен-саран жағдайлар: фолий қышқылы концентрациясының • B12 дәрумені мен қандағы гомоцистеиннің төмендеуі. Психика тарапынан бұзылулар Сирек: естілулер және көру арқылы елестеулер • депрессия • фобиялар • озбыр мінез-құлық • қозу • сананың шатасуы. Өте сирек: латентті психоздың белсенуі. Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар Өте жиі: бас айналуы • атаксия • ұйқышылдық • жалпы әлсіздік. Жиі: бас ауыруы. Жиі емес: еріксіз қимыл-қозғалыстар (ауқымды тремор • дистония • тартылулар) • нистагм. Сирек: ойлаудың баяулауы • түсініксіз сөйлеу • беттің қозғалуы сияқты еріксіз қимыл-қозғалыстар • (орофациальді дискинезия) • дене қимылдарымен болатын бақыланбайтын қозғалыстар (хореоатетоз) • шеткері неврит • парестезиялар • парездер. Өте сирек: дәм сезудің бұзылуы • қатерлі нейролептикалық синдром. Карбамазепиннің жайылған склероз симптомдарын ушықтыратыны туралы хабарламалар бар. Эпилепсияға қарсы басқа препараттарды қолданғандағы сияқты, карбамазепин ұстамалардың жиілігін арттыруы мүмкін. «Абсанс» дамуы (мидың екі жартышарында да орын алатын ұстаманың айрықша түрі) немесе олар күшеюі мүмкін. Көру мүшелері тарапынан бұзылулар Жиі: диплопия • аккомодация бұзылуы (бұлыңғыр көру). Сирек: көздің аномальді қозғалыстары. Өте сирек: көз бұршағының бұлыңғырлануы • конъюнктивит • көзішілік қысымның жоғарылауы. Есту мүшелері тарапынан бұзылуар Өте сирек: естудің бұзылуы (құлақтағы шуыл • есту сезімталдығының артуы немесе азаюы • дыбыс қатаңдығын қабылдаудың бұзылуы). Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар Сирек: жүрек өткізгіштігінің бұзылулары • артериялық гипертензия немесе гипотензия. Өте сирек: брадикардия • аритмия • атриовентрикулярлық блокада (естен танумен • талып қалумен жүруі мүмкін) • жүректің іркілісті жеткіліксіздігі • жүректің ишемиялық ауруының өршуі • тромбофлебит • тромбоэмболиялық 11.10.2018 ЕСЭДО ГО (версия 7.13.2) асқынулар. Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар Өте сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары • ентігу • қабыну немесе фиброз (мұндай реакциялар жағдайында • карбамазепинмен емдеуді тоқтату керек). Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар Өте жиі: дімкәстану • құсу Жиі: ауыз қуысының шырышты қабықтарының құрғауы • тәбеттің болмауы Жиі емес: іш өтуі немесе іш қатуы Сирек: іш ауыруы Өте сирек: ауыз қуысының • қызыл иектердің • тілдің қабынуы; панкреатит. Гепатобилиарлық жүйе тарапынан бұзылулар Өте жиі: гамма-глутамилтранспептидазаның жоғарылауы (әдетте, клиникалық тұрғыдан елеусіз) Жиі: сілтілік фосфатазаның жоғарылауы Жиі емес: трансаминазалардың жоғарылауы Сирек: гепатиттің алуан түрлері (холестаздық • гепатоцеллюлярлық • аралас) • сарғаюы. Өте сирек: гранулематоздфқ гепатит • бауыр жеткіліксіздігі. Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар Өте жиі: аллергиялық дерматит • есежем (соның ішінде, ауыр түрлері) Жиі емес: эксфолиативтік дерматит • эритродермия Сирек: жүйелі қызыл жегі • терінің қышынуы Өте сирек: ауыр дерматологиялық реакциялар: Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) мен уытты эпидермалық некролиз (УЭН) жағдайлары туралы хабарланған («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз); фотосезімталдық • мультиформалы эритема және эритема • тері пигментациясының өзгерістері • алопеция • тершеңдік • безеулер • гирсутизм Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар Сирек: бұлшықет әлсіздігі Өте сирек: артралгия • бұлшықет ауыруы • бұлшықеттердің түйілуі Карбамазепинді ұзақ уақыт бойы қабылдап жүрген пациенттерде сүйек тінінің минералдық тығыздығы азайғаны • остеопения • остеопороз және сынулар туралы хабарламалар бар. Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар Өте сирек: интерстициальді нефрит • бүйрек жеткіліксіздігі • протеинурия, гематурия • олигурия, қандағы мочевина азотының жоғарылауы • несеп шығарудың жиілеуі • несептің іркілуі. Ұрпақ өрбіту жүйесі тарапынан бұзылулар Өте сирек: сперматогенез бұзылуы (сперматозоидтар санының және/немесе қозғалғыштығының азаюымен) • ерлердегі фертильділіктің бұзылуы • жыныстық құмарлықтың төмендеуі • импотенция.


Қосымша дәрі

Диклофенак-ратиофарм, босап шығуы ұзаққа созылатын ішекте еритін капсулалар, 100 мг №20

View Product

Финлепсин ретард 400

View Product