Интернет-ресурсқа кіру талаптары және интернет-русурсты пайдалану талаптары

Құрметті Интернет-ресурсты пайдаланушылар!

Осы Интернет-талапқа кіру талаптары және интернет-ресурсты пайдалану талаптары сіз үшін міндетті болып табылады және ақпараттандыру туралы, зияткерлік меншікті қорғау туралы, дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына, денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға және басқа да нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттарға сәйкес даярланды.

1. Терминдер және анықтамалар

Төменде берілген терминдер осы Талаптарда мына мағынада пайдаланылады:

1.1. Тева компаниялар тобы – бірге, сол сияқты әрқайсысын жекелей алғандағы мына тұлғалар: Teva Pharmaceutical Industries Limited компаниясы, оның еншілес және өзара байланысты ұйымдары мен филиалдары, сондай-ақ оның шешімі бойынша – Компанияны қоса алғанда, Тева компаниялар тобына кіретін басқа да заңды тұлғалар.

1.2. Зияткерлік меншік – домен есім; Сайт дизайны; пайдаланушылық интерфейсте және аталмыш Сайттың құрылымында кездесетін кодтар; соның ішінде суреттер, авторлық құқық объекілері, сабақтас құқықтар объектілері, тауар белгілері, фирмалық атаулар, сауда атаулары, логотиптер, қызмет көрсету белгілері, өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, патенттер, сауда құпияларын қоса алғанда барлық Ақпарат; Сайтта ұсынылған өзге де зияткерлік меншік объектілері; Сайттың бағдарламалық жасақтамасы.

1.3. Ақпарат – Сайтта кез келген нысанда және кез келген көріністе орналастырылған (соның ішінде, графикалық, мәтіндік, аудио және/немесе визуалдық және басқа), подкасттар, RSS және Atom- арналарда (жолақтарда) және файлдарда берілген деректер, барлық және кез келген ақпаратты қоса алғандағы Сайттың мазмұны.

1.4. Компания – "ратиофарм Қазақстан" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН 071 040 003 425).

1.5. Пайдаланушы – Сайтқа кез келген келуші, Ақпаратпен танысуды жүзеге асыратын немесе Сайтқа не Ақпаратқа кіруге үміткер кез келген тұлға.

1.6. Рұқсат етілген Пайдалану – Пайдаланушы белгіленген тыйымдар мен шектеулерді бұзбайды деген талаппен, Сайтта аталмыш Пайдаланушылар санатына кіруге ашық тұрған Ақпаратпен жеке коммерциялық емес мақсатта танысу.

1.7. Сайт – осы интернет-ресурс.

1.8. Талаптар – осы Интернет-ресурсқа кіру талаптары және интернет-ресурсты пайдалану талаптары.


2. Сайт кімге тиесілі

2.1. Сайт Компанияға тиесілі. Компания Сайттың меншік иесі және әкімшісі болып табылады.

2.2. Компания 2017 жылғы 13 сәуірде Алматы қаласы Әкімдігі Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы берген № 17006405 фармацевтикалық қызметке (түрше – емдік дәрі-дәрмектерді көтерме өткізу) Қазақстан Республикасы лицензиясына ие (бастапқы беру күні – 2012 жылғы 30 тамыз).


3. Талаптардың міндеттілігій

3.1. Талаптар Сайттың барлық Пайдаланушылары үшін міндетті болып табылады.

3.2. Сайтқа алғашқы және одан кейінгі кіру кезінде ағымдағы Талаптармен мұқият танысу Пайдаланушының міндеті болып табылады.

3.3. Компания аталмыш жарияланымды жаңарту арқылы Талапты кез келген уақытта қайта қарап, өзгертуге құқылы. Мұндай жаңартулар сіз үшін міндетті болып табылады, сондықтан да ағымдағы сәтте қолданыстағы талаптармен танысу үшін Сайтқа әрбір кірген кезде аталмыш бетке кіріп тұрғаныңыз дұрыс.


4. Талаптарды қабылдау

4.1. Сайтқа кіріп, ондағы Ақпаратты қараған кезде сіз қандай да бір шектеулер немесе ескертпесіз осы Талаптарды қабылдайсыз.

4.2. Егер осы Талаптарға келіспейтін болсаңыз, онда Сайтты пайдаланбай, одан шығуға міндеттісіз.


5. Зияткерлік меншік құқықтары

5.1. Сайт және Зияткерлік Меншік Қазақстан Республикасында, сол сияқты одан тысқары жерлерде авторлық құқық және өзге де зияткерлік меншік құқығын қорғау объекті болып табылады. Сайтқа және Зияткерлік Меншікке барлық айрықша, меншік және өзге құқықтар Компанияға және/немесе басқа құқық иелеріне тиесілі (қолданылатын жағдайларда).

5.2. Сайттан көріп, оқи алатындардың барлығы Қазақстан Республикасы, өзге елдердің авторлық құқығымен, азаматтық заңнамасымен және басқа заңдарымен және халықаралық шарттармен қорғалғанын және сақталатынын және Компанияның немесе басқа құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз пайдаланылуы мүмкін еместігін есіңізде ұстағаныңыз дұрыс(қолданылатын жағдайларда).

5.3. "Teva", "Тева", "ратиофарм", "ratiopharm", "Актавис", "Actavis" атауларын қоса алғанда, барлық Зияткерлік Меншік Компанияның не Тева Компаниялар тобына кіретін компаниялар немесе басқа құқық иелерінің тіркелген және тіркелмеген зияткерлік меншік құқығы объектілері болып табылады (қолданылатын жағдайларда).

5.4. Тева компаниялар тобы және Компания зияткерлік меншік құқығын, залалдың орнын толтыру, өтемақы өндіру, қылмыстық және әкімшілік қудалауды қоса алғанда, заңның қаталдығымен белсенді түрде жүзеге асырады..

5.5. Ешбір Ақпарат Компанияның немесе Зияткерлік Меншікті иеленуі мүмкін басқа құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір Зияткерлік Меншікті пайдалануға қандайда бір лицензияны немесе құқықты ұсыну ретінде түсіндірілмеуге тиіс (ұйғарынды түрде, құқықтық презумпция салдарынан не басқаша түрде).

5.6. Сайтта келтірілген адамдар немесе орындар суреттері не Компанияның/басқа құқық иесінің меншігі болып табылады, не оны Компания/басқа құқық иесі тиісті рұқсатпен пайдаланады. Мұндай суреттерді сіздің немесе сіз өкілеттік берген әлдекімнің пайдалануына тыйым салынған. Суреттерді кез келген заңсыз пайдалану аталмыш суреттер иелерінің құқықтары мен қолданылатын заңнаманы бұзуға алып келуі мүмкін.


6. Сайтты пайдалану

6.1. Сайтты Пайдаланушы Қазақстан Республикасы аумағында ғана пайдалана алады және тек қана Рұқсат етілген Пайдалану көлемінде пайдалана алады.

6.2. Сайтты Рұқсат етілген Пайдалануға сәйкес пайдаланған кезде, қалай болғанда да Ақпараттың авторлық тиесілілігін көрсетуді сақтауыңыз қажет.

6.3. Тыйым салынады:

a. Рұқсат етілген Пайдаланудан басқа, Сайтты, Зияткерлік Меншікті, соның ішінде Ақпаратты кез келген коммерциялық және коммерциялық емес пайдалануға;

b. Сайтқа, Зияткерлік Меншікке, соның ішінде Ақпаратқа 18 жасқа толмаған тұлғалардың кіруіне;

c. Сайтта орналастырылған дербес деректерді жинауға және өңдеуге (Сайтта тікелей көзделген кері байланыс үшін байланыс деректерін пайдалану жағдайларынан басқа);

d. Сайтқа, аппараттық-бағдарламалық кешенге және Сайттың ақпараттандыру объектілеріне, Зияткерлік Меншік және Ақпаратқа қатысты кез келген Компания рұқсат бермеген, қасақана және абайсыз әрекеттер.

6.4. Күдік тудырмау үшін, сонымен бірге:

a. Ақпараттан дәйексөз келтіруге, қандай да бір Ақпаратты пайдалануға (соның ішінде қайта жаңғырту, тарату, жариялау) немесе қандай да біріне сілтеме келтіруге; аударуға, қайта өңдеуге және Компанияның немесе өзге құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз Ақпаратқа және Зияткерлік меншікке қатысты өзге әрекеттерге;

b. өзгертуге, түрлендіруге, көшіруге, көшірме жасауға, бұғаттауға, жоюға, орнын ауыстыруға, Сайт пен Ақпараттың тұтастығы мен сақталуын бұзуға тыйым салынады және жол берілмейді.

6.5. Сайттың жекелеген Бөлімдері немесе парақтарына кіру шектеулі болуы мүмкін. Егер аталмыш Бөлімдерге (аталмыш парақтарға) кіру талаптарына жауап бермесеңіз, аталмыш парақтарға кіруге және онда орналастырылған Ақпаратпен танысуға тыйым салынады.

6.6. Компания Сайтпен байланысты барлық интернет-ресурстармен танысқан жоқ (Сайтқа сілтелемелерден тұратын интернет-ресурстарды және Сайтта сілтемелері бар интернет-ресурстарды қоса алғанда) және олардың мазмұны үшін жауапкершілік алмайды. Осындай қандай да бір интернет-ресурстарға кіргенде жауапкершілік пен тәуекелді өз мойныңызға аласыз.


7. Кері байланыс талаптары

7.1. Компанияға электронды пошта немесе Сайт арқылы немесе басқаша түрде сіз беретін кез келген хабарлама немесе материал, кез келген деректерді, ақпаратты, сұрақтарды, түсініктемелерді, ұсыныстарды немесе осыған ұқсас нәрсені қоса алғанда, құпия емес және меншік құқығынан туындамайды деп қаралады және болып табылады.

7.2. Сіз берген және жариялағандардың барлығын, сонымен бірге қайта жаңғыртуды, ашуды, беруді, басып шығаруды, таратуды, ұсынуды, жария хабарламаны, жария көрсетуді, жария орындауды, аударуды, қайта өңдеуді, өзгертуді, көшіруді, көрсетілімді және жариялауды қоса алғанда, Компания, Тева Компаниялар тобы кез келген мақсатта пайдалануы мүмкін. Оның үстіне, Компания және Тева Компаниялар тобы сіз Компанияға жолдаған кез келген хабарламада берілген кез келген идеяны, тұжырымдамаларды, ноу-хау мен технологияларды, осындай идеялар, тұжырымдамалар, ноу-хау және технологиялар көмегімен басқасымен бірге өңдеуді, әзірлеуді, маркетинг және өнімді өткізуді қоса алғанда, кез келген мақсатта пайдалануға құқылы.


8. Айрықша жағдайлар және жауапкершілікті шектеу

8.1. Сайтты өз жауапкершілігіңізбен және тәуекеліңізбен пайдаланасыз және қарайсыз. Компания мүмкіндігінше қандай да бір қателіктер мен кемшіліктерді түзету үшін орынды түрде күш салады, және де ол жайлы бізге белгілі болады. Дей тұрғанмен, Сайттың толық көлемде іркіліссіз жұмыс жасауына кепілдік бермейміз, сондай-ақ Сайтта немесе Сайт арқылы берілген ақпаратта қандай да бір қателіктер немесе кемшіліктер болмайтынына кепілдік бермейміз.

8.2. Жүйелік іркіліс, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу қажеттігі жағдайында, не болмаса Компаниядан тәуелсіз себептер салдарынан, сондай-ақ себептерді түсіндірусіз Компанияның кез келген қалауымен алдын-ала хабарламай Сайтқа кіру мүмкіндігі және оның мазмұнын пайдалану уақытша шектелуі мүмкін.

8.3. Компания ара-арасында мониторинг жүргізуге және талқылауларды, чаттарды, посттарды, қайта жөнелтулерді, хабарландыру тақталарын және Сайттағы тағы сол сияқтыларды (бар болса) қарап отыруға құқылы болғанмен, Компания оны жүзеге асыруға міндет алмайды және Сайттың кез келген осындай Бөлімінің мазмұнынан туындайтын жауапкершіліктер немесе міндеттемелерді алмайды, не болмаса сіз немесе кез келген басқа тұлғалар орналастырған Сайттың осындай Бөлімдеріндегі қандай да бір ақпаратта берілетін қателік, өсек, айыптау, жәбірлеу, олқылықтар, өтірік, жарнамалық материалдар, әдепсіздігі, бейәдеп сурет, балағаттар, қорқытулар, ақпарат құпиялылығын ашу немесе дәлсіздіктер үшін жауап бермейді.

Сіздің заңсыз, жарнамалық, қорқыту, жала жабу, жаман атқа қалдыру, әдепсіз, айыптау, азғыру, порнографиялық немесе жаратушыға тіл тигізетін материалды, не болмаса қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық ретіне қарастырылатын қылық боп табылатын не соған әкелетін, азаматтық-құқықтық жауапкершілік, немесе басқа да заңнама бұзылуына алып келетін қандай да бір материалдарды Сайтта жариялауыңызға немесе Компанияға жолдауыңызға тыйым салынады.

Компания кез келген құқық қорғау органдарымен толық көлемде серіктесіп, сот немесе мемлекеттік орган талаптарын ұстанатын болады, оған сәйкес Компания кез келген осындай ақпаратты немесе материалдарды жариялайтын қандай да бір адамның тұлғасын ашуға тиіс.

Компания сіздің кез келген түсіндірмеңізді және хабарламаңызды жою және Сайтта жарияламау құқығын өзіне қалдырады.

8.4. Сайттағы қандай да бір дүниені әлдебір өнімді алға жылжыту немесе жарнамалау ретінде, не болмаса тұрып жатқан еліңіздің заңнамасында тыйым салынған қандай да бір өнімді пайдалану мақсатында бағаламағаныңыз дұрыс.

8.5. Сайтта ол туралы ақпарат берілген өнімге қатысты Сайтта қандай да бір шарттар жасау немесе мәмілеге келу туралы ешқандай ұсыныстар (оферталар) жоқ. Қандай да бір өнім туралы кез келген Ақпарат Компанияның аталмыш өнімді сату немесе басқаша беру туралы ұсынысын немесе уәдесін білдірмейді.

8.6. Сайтта инвестициялық, медициналық сипаттағы ешқандай кеңес беру жазылмаған, не болмаса денсаулық сақтау саласындағы кеңес беру үшін арналмаған. Компания Сайт арқылы ешқандай қызметтер көрсетпейді және медициналық көмек бермейді. Күдік тудырмау үшін, ешбір Ақпарат диагностика мақсаты үшін немесе денсаулық мәселелері немесе басқа да медициналық мәселелер бойынша кеңес беру ретінде қаралуы мүмкін емес, сондай-ақ қандай да бір емдік дәрі-дәрмектерді немесе емдеу әдістерін тағайындау немесе қолдану үшін негіздеме ретінде қолданылуы мүмкін емес.

8.7. Аталмыш Сайттағы дүниелердің ешқайсысы инвестицияларды іске асыру немесе қандай да бір бағалы қағаздармен айналысуға шақыру немесе ұсыныстар болып табылмайды.

8.8. Компания да, Тева Компаниялар тобы да, Сайтты құруға, әзірлеуге, хостингке немесе ұсынуға тартылған кез келген басқа тарап та Сайт және Ақпаратқа байланысты Пайдаланушы алдында ешқандай міндеткерлікке ие емес және ешқандай уәде бермейді және сіздің Сайтқа немесе Ақпаратқа кіру немесе пайдалануыңыз салдарынан туындайтын қандай да бір тікелей, жанама, кездейсоқ, қосалқы, айыппұл және өзге залалдар, зиян, жіберілген пайда үшін жауапкершілік алмайды.

Жоғарыда айтылғанның жалпы мағынасын шектемей, Сайттағының бәрі сізге "ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА", БАСҚАСЫМЕН БІРГЕ ТАУАРЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН МАҚСАТЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ЖАРАМДЫЛЫҚ НЕМЕСЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫ ОРЫН АЛМАҒАНДЫҒЫНА ҰЙҒАРЫЛҒАН КЕПІЛДІКТІ ҚОСА АЛҒАНДА, ҚАНДАЙ ДА БІР КЕПІЛДІК ЖӘНЕ КУӘЛАНДЫРУСЫЗ, ТІКЕЛЕЙ, СОЛ СИЯҚТЫ ЖАНАМА КӨРІНІСТЕ ұсынылады.

Жоғарыда айтылғанға зиянсыз, емдік дәрі-дәрмектерді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық уәкілетті орган бекіткен мәтінге нақты сәйкестікте жарияланады.

8.9. Компания Сайтқа кіруіңіз, пайдалану, соның ішінде оны қарау, қандай да бір материалдарды, деректерді, мәтіндерді, суреттерді, бейне немесе аудио файлдарды не басқа файлдарды не басқа Ақпаратты Сайттан жүктеу салдарынан компьютерлік құрылғығыңызға немесе өзге мүлкіңізге жұғуы мүмкін кез келген залал немесе вирустар үшін жауапкершілікті қабылдамайды және мойнына алмайды.


9. Дербес деректер

9.1. Осы арқылы барлық Пайдаланушыларға компанияның, Тева Компаниялар тобының немесе түрлі қызметтер провайдерлерінің Пайдаланушылар Сайтқа кіру және пайдалану үшін қолданатын техникалық және бағдарламалық құралдар туралы, ІР мекенжайлар мен Сайтты пайдалану туралы деректерді жинауды жүзеге асыра алады (Пайдаланушы пайдаланатын баптаулар мен аппараттық-бағдарламалық кешен мүмкіндік беретін шамада). Деректерді бұлайша жинау Интернет желісінде қолданылатын әдеттегі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, Интернет-браузерлер, cookie файлдар, Flash cookie және басқа интернет-технологиялар арқылы).

Осындай жолмен жиналатын деректер: қажеттілігі өткенге дейін сақталады; Сайтқа кіру статистикасы, Сайтты жақсарту, маркетингтік бағдарламалар, ақпараттық мақсаттар, деректерді талдау, заңды құқықтар мен міндеттерді қорғау үшін, сондай-ақ Тева Компаниялар тобының өзге де қызметіне арналады; заңнамада тыйым салынбаған қолданылатын тәсілдердің бәрімен өңделе алады, соның ішінде, жоғарыда айтылған мақсаттар үшін трансшекаралық тапсыруды қоса алғанда, өзге тұлғаларға ашу және беру үшін.

Пайдаланушының Сайтқа кіру және пайдалануы жөніндегі әрекеттері оның Талаптардың осы тармағында жоғарыда көрсетілгендей деректерді жинауға және өңдеуге келісімін білдіреді.

9.2. Сіз дербес деректеріңізді, мысалы, жаңалықтарға жазылу немесе хабарлама жіберу арқылы, Компанияға өз қолыңызбен ұсынуға құқылысыз. Компанияға дербес деректерді ұсыну жөніндегі әрекеттеріңіз осындай ұсынумен байланысты, сондай-ақ ішкі есептік мақсаттарда, сізбен байланыс орнату және Компанияның, Тева Компаниялар тобының және өзге де онымен өзара байланысты тұлғалардың тиісті дербес деректер қажеттілігі өткенге дейін сіздің дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге келісіміңізді білдіреді (оған жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, трансшекаралық тапсыру, дара биліктен айыру, бұғаттау, жою және дербес деректермен өзге де әрекеттер кіреді).

Бұл ретте сіздің келісуіңіз Компанияға және Тева Компаниялар тобына, сондай-ақ аталмыш деректер берілуі мүмкін өзге тұлғаларға таралады.

9.3. Компания сіздің қандай да бір үшінші тұлғалардың дербес деректерін оған ұсынуыңызды күтпейді. Компанияға дербес деректер субъектісі келісуі болмаса, мұндай деректерді беруге құқылы емессіз. Сіздің мұндай деректерді ұсынуыңыз сіздің жеке жауапкершілігіңізбен, дербес деректер субъектінің оның дербес деректерін Компанияның, Тева Компаниялар тобының және басқа да онымен өзара байланысты тұлғалардың, басқасымен бірге трансшекаралық тапсыруға келісуді қоса алғанда, Талаптардың алдыңғы тармағында көрсетілгенге ұқсас талаптармен жинауына және өңдеуіне келісудің бар екенін білдіретін болады.

Дербес деректер субъектісінің жоғарыда көрсетілген келісімі болмаған жағдайда сіз әлдекімнің дербес деректер субъектісі келісуінсіз дербес деректерді пайдалануы салдарынан туындаған залалдың орнын толтыру бойынша жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Компания сонымен қатар сіздің барлық ықтимал наразылықтар мен талаптарды өз бетіңізше және өз еркіңізбен реттеуіңізді күтеді.


10. Жалпы ережелер

10.1. Егер осы Талаптардың қандай да бірі заңсыз, жарамсыз немесе осындай талап заңсыз, жарамсыз немесе орындалмайтын болып табылатын құзырет шегіндегі дәрежедегі заң күшімен басқа түрде орындалмайтын болып шықса, қалған Талаптар күшінде қалады және толық заңды әрекетін сақтайды, сондай-ақ орындау және орындалу үшін міндетті боп қалуын жалғастырады.

10.2. Осы талаптар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы Талаптарға байланысты туындайтын даулар Қазақстан Республикасы соттарының айрықша құзыретіне түседі.

10.3. Талаптарды бұзған жағдайда Компания залалдың орнын толтыруды, өтемақы төлеуді, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғау және қолданылатын құқыққа сәйкес айыпты тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі өзге әрекеттерді қолдануға құқылы.

Егер осы Талаптарға қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз туындап жатса, хабарласуыңызды сұраймыз.

Күшіне ену күні: Қазан 2019 ж.