ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ COOKIE-ФАЙЛДАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Терминдер мен анықтамалар

«Хабарлама» – Құпиялылық және cookie-файлдар туралы осы Хабарлама.

«Үлестес тұлға (тұлғалар)» – бұл Теваны бақылайтын, Тева тарапынан бақыланатын немесе Теваның жалпы бақылауында тұрған кез келген тұлға, корпорация, компания, серіктестік, бірлескен кәсіпорын немесе өзге ұйым. Осы құжаттың мақсатында «бақылау» термині тиісті корпорацияның, компанияның, серіктестіктің, бірлескен кәсіпорынның немесе ұйымның кәдімгі дауыс беруші акцияларының ≥50%-ына иелік етуді немесе олардың басқарма мүшелерінің ≥50%-ын тағайындау құқығын білдіреді.

«Дербес деректер» – тікелей немесе жанама түрде, жеке немесе өзге ақпаратпен бірге қолданыла алатын кез келген пішімде ұсынылған, адамды сәйкестендіруге арналған ақпарат.

«Пайдаланушы» – Сайттың кез келген кірушісі, Сайтта мазмұндалған ақпаратпен танысуды жүзеге асыратын немесе Сайтқа, не осындай ақпаратқа кіруге талаптанатын кез келген тұлға.

«Тева» атауы бас кеңсесі 5 Базель Стрит, Петах-Тиква, 49131, Израиль мекенжайы бойынша орналасқан «Тева Фармасьютикал Индастриз Лтд.» (Teva Pharmaceutical Industries Ltd.) компаниясын және/немесе Компанияны қоса алғанда оның Үлестес тұлғаларын белгілеу үшін қолданылады, олар осы құжатта «біз», «бізді» және «біздің» деп белгіленуі мүмкін.

«Компания» - «ратиофарм Қазақстан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН 071 040 003 425).

Сайтты басқару

Сайтты басқаруды Компания Тевамен және Үлестес тұлғалармен бірге жүзеге асырады. Үлестес тұлғалар болып табылатын барлық компаниялардың тізімін төмендегі интернет-ресурстан қарап көре аласыз: http://www.tevapharm.com.

Хабарламаның әрекет ету саласы

Осы Хабарлама біздің Сайт арқылы жинайтын Дербес деректерге қолданылады. Онда біздің сіздің Дербес деректеріңізді қалай қолданатынымыз және сіздің Дербес деректерді қорғау бойынша құқықтарыңыз, соның ішінде Дербес деректерді өңдеудің біз жүзеге асырып жатқан кейбір түрлерін шектеу құқығыңыз сипатталады. Сіздің құқықтарыңыз бен оларды жүзеге асыру тәртібі туралы толық ақпарат «Біз сіздің ақпаратыңызды және сіздің құқықтарыңызды қалай сақтаймыз» бөлімінде келтірілген.

Біздің Сайтта біздің бақылауымыздан тыс өзге интернет-ресурстарға сілтемелер болуы мүмкін. Тева мұндай интернет-ресурстардағы құпиялылық тәртібі және оның қамтамасыз ету тәсілдері үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді. Сонымен бірге біздің Сайтымыздағы сілтемелер Келушілерді Тева тарапынан басқарылатын өз құпиялылық саясаттарын қолданатын өзге интернет-ресурстарға жолдауы мүмкін.

Біз сіздің ақпаратыңызды қалай қолданамыз

Біз төмендегідей мақсаттар үшін жинайтын Дербес деректерді өңдейміз:

  • сіздің келісіміңізбен төмендегілер үшін:
    • сізге коммерциялық қызмет, тауарлар немесе қызметтер туралы ақпарат ұсыну үшін;
    • сіздің сұранымдарыңызға немесе сіздің Сайт арқылы жолдаған өзге де корреспонденцияңызға жауап беру үшін;
    • төменде сипатталғандай cookie-файлдарды және өзге де технологияларды орналастыру үшін;

  • біздің іскерлік мүдделерімізді, атап айтқанда төмендегілерді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін:
    • контентті үздіксіз жақсарту және тиімділікті өлшеу үшін Сайттың қолданылуын талдау;
    • Сайттың қолданылуын және біздің сізбен қарым-қатынасымызды оңтайландыру және бейімдеу;

  • мемлекеттік органдардың ақпарат беру туралы сұранымдарына жауап беру үшін заңнамалық нормативтік талаптарды, сондай-ақ фармакологиялық қадағалау және сәйкестік талаптарын сақтау.

Сіздің Дербес деректеріңізді қолдану

Тева сіздің Дербес деректеріңізді алушылардың төмендегі санаттарына жария ете алады (барлық жағдайларда тек олардың міндеттерін орындауы үшін қажет болса ғана):

  • біздің персоналымызға (соның ішінде жұмыскерлерімізге және сыртқы кеңесшілерімізге), кәсіби кеңесшілерге және агенттерге;
     
  • бүкіл әлемдегі Үлестес тұлғалар болып табылатын функционалдық бөлімшелерге және компанияларға;
     
  • сіздің Дербес деректеріңізді Тева атынан өңдейтін және сіздің Дербес деректеріңіздің құпиялығын және тиісті қорғалуын қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелермен байланысқан сыртқы қызметтер жеткізушілерге;
     
  • Теваның бүкіл бизнесінің немесе оның бөлігінің сатып алушыларына немесе әлеуетті сатып алушыларына (және олардың кәсіби кеңесшілеріне);
     
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, соның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, егер бұл жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін қажет болса, егер бұл заңнамада қарастырылған болса немесе бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес біздің заңды мүдделерімізді құқықтық қорғау үшін қажет болса.

COOKIE-ФАЙЛДАР МЕН ОЛАРҒА ҰҚСАС ҚАДАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Сайтта cookie-файлдардың қолданылуы

Тева cookie-файлдарды сіз туралы ақпарат жинау және сіздің тәуір көретін желілеріңізді сақтау үшін қолданады. Cookie-файлдардың құрамында Сайтқа кірген кезде сіздің құрылғыңызға жүктелетін ақпараттың шағын фрагменттері болады. Кейін cookie-файлдар қайтадан Сайтқа кірген кезде Сайтқа оралады. Бұл Сайтқа сіздің құрылғыңызды тануға мүмкіндік береді. Cookie-файлдар туралы толығырақ ақпаратты www.allaboutcookies.org интернет-ресурсынан қараңыз.

Тева Сайтта cookie-файлдардың төмендегі санаттарын қолданады.

1-санат: қатаң түрде қажетті cookie-файлдар

Бұл cookie-файлдар сізге Сайттың ішінде кедергісіз қозғалуыңызға және оның функцияларын қолдануыңызға рұқсат беру үшін қажет. Мұндай cookie-файлдарсыз сіз сұратқан қызметтер (мысалы, сіздің есептік деректеріңізді жадта сақтау) көрсетілмейді.

2-санат: пайдаланушылық cookie-файлдар

Бұл cookie-файлдар Келушілердің Сайтты қалай қолданып жатқаны туралы ақпаратты жинайды. Мысалы, Тева бұл cookie-файлдарды Кешілулердің Сайтқа қалай келетінін, Сайтты қалай қарап көретінін немесе пайдаланатынын түсіну үшін қолданады. Мұның бәрі бізге жақсартылуы тиіс элементтерді, мысалы, навигацияны, Пайдаланушылармен өзара іс-әрекет жүргізу мүмкіндіктерін және маркетингтік науқандарды түсінуге мүмкіндік береді. Бұл cookie-файлдар арқылы алынатын бүкіл ақпарат бірыңғай бүтін бір ортаға жиналады және анонимді болып табылады. Бұл ақпарат тек Сайттың жұмысын жақсартуға ғана қолданылады.

3-санат: функционалдық cookie-файлдар

Бұл cookie-файлдар сіздің жасаған таңдауыңызды (мысалы, тілді таңдауыңызды) жадта сақтайды. Мұндай жолмен жиналған ақпарат сіздің келесі жолы Сайтқа кірулеріңізді әлдеқайда дараландыруға мүмкіндік береді. Бұл cookie-файлдар арқылы жиналатын ақпарат иесіздендірілген болуы мүмкін және бұл cookie-файлдар сіздің өзге интернет-ресурстардағы әрекеттеріңізді қадағалай алмайды.

Егер компьютеріңізде сақталып тұрған қандай да бір cookie-файлдарды өшіргіңіз келсе, ішінде cookie-файлдары бар файлды немесе каталогты іздеу бойынша нұсқаулар алу үшін өз интернет-браузеріңіздің көмек беру және қолдау бөліміне жүгініңіз.

Сookie-файлдарды өшіру немесе оларды басқару бойынша мәліметтер сондай-ақ www.allaboutcookies.org интернет-ресурсында қолжетімді. Біздің cookie-файлдарымызды өшіргеннен кейін (немесе келешектегі cookie-файлдарымызды сөндіргеннен кейін) сіздің Сайттың белгілі бір бөлімдеріне немесе функцияларына кіруіңіз мүмкін емес болып қалуы ықтимал.

Веб-маяктардың қолданылуы

Сайттың кейбір беттерінде және біздің электронды поштамен жіберетін хабарламаларымызда бізге осы беттерге кірген немесе біздің электронды поштамен жіберген хабарламаларымызды оқыған Пайдаланушылардың есебін жүргізуге мүмкіндік беретін веб-маяктар деген атпен белгілі (кейде іші бос gif-файлдар деп те аталады) электронды кескіндер болуы мүмкін. Веб-маяктар тек шектеулі ақпаратты ғана жинайды, оған cookie-файлдың нөмірі, бетті қарау уақыты мен күні және веб-маяк орналасқан беттің сипаттамасы жатады. Бұл маяктар Дербес деректерді тасымалдамайды, тек жекелеген науқандардың тиімділігін тексеру үшін қолданылады.

Сіздің ақпаратыңыз бен сіздің құқықтарыңызды сақтау тәсілдері

Біз сіздің Тевамен өзара іс-әрекеттеріңіз туралы бүкіл ақпаратты сақтаймыз. Сіздің ақпаратыңыз қолданылатын заңнамаға сәйкес оған деген қажеттілік өтіп кеткенше немесе жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін қисынды түрде қажетті мерзім ішінде сақталатын болады.

Сіз қолданыстағы заңнамаға сәйкес түзету, өшіру, өңделуін шектеу немесе бұл ақпараттың бір бөлігін өзге ұйымдарға беруімізді сұрау үшін Тевадан сіздің Дербес деректеріңіздің көшірмесін сұратуға құқылысыз. Бұл құқықтар қолданылатын заңнамада белгіленген тәртіппен және жағдайларда шектелген болуы мүмкін.

Сіздің Дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге берген келісіміңіз қолданыстағы заңнаманың талаптары ескеріле отырып кез келген уақытта кері шақыртыла алады.

Сіздің Дербес деректеріңізге қатысты құқықтарыңыздың қандай да бірін жүзеге асыру үшін бізге хабарласуыңызды өтінеміз. Егер сіз Еуропада тұратын болсаңыз, бізге EUprivacy@tevaEU.com мекенжайы бойынша хабарласыңыз, егер Сізге Германияда тұратын болсаңыз, бізге datenschutz@teva.de мекенжайы бойынша хабарласыңыз. Өзге аймақтардың тұрғындары бізге IL_Privacy.Tevail@teva.co.il мекенжайы бойынша хабарласа алады.

Біз сіздердің Дербес деректеріңізді өңдеу тәсілдерімізге қатысты туындауы мүмкін кез келген сұранымдарыңызды қанағаттандыра аламыз деп үміттенеміз. Егер сіздерде Дербес деректеріңізді қалай өңдейтінімізге қатысты қандай да бір ескертулеріңіз болса, бізге хабарласа отырып Теваның дербес деректерді қорғау бөлімімен байланыса аласыз. Егер сіз Еуропада тұратын болсаңыз, бізбен төмендегі мекенжай бойынша байланыса аласыз EUprivacy@tevaEU.com. Еуропада және Қазақстанда тұратын тұлғалар үшін: егер сізде шешуді талап ететін сұрақтар болса, сіздің сонымен бірге өзіңіздің тұратын, жұмыс істейтін жеріңіз бойынша немесе сіздің ойыңызша сіздің Дербес деректерді қорғау бөлігіндегі құқықтарыңыздың бұзылуы орын алған жер бойынша өкілетті органға шағым беруге құқығыңыз бар.

Деректердің халықаралық тасымалы

Тева өз қызметін халықаралық деңгейде жүзеге асырады және сондықтан сіздің Дербес деректеріңіз сіздің еліңіздің шегінен тыс жерлерге, соның ішінде Израильді және АҚШ-ты қоса алғанда Еуропалық экономикалық аймаққа кірмейтін өзге мемлекеттерге берілуі мүмкін. Сіздің Дербес деректеріңіз Израильге берілген жағдайда Еуропалық комиссияның Израиль мемлекетіне арналған шаралардың жеткіліктігі туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Дербес деректердің АҚШ-қа берілуі Теваның АҚШ-тағы құпия деректерді қорғау бойынша бағдарламаның шеңберінде Теваның алған сертификаттауының негізінде жүзеге асырылады. Деректердің Үндістанға берілуі Еуропалық комиссияның типтік ережелерінің негізінде жүзеге асырылады. Teva компаниясының қолданатын сәйкес механизмі туралы ақпарат EUprivacy@tevaEU.com мекенжайына сұраным беру бойынша беріле алады.

Осы Хабарламаға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар

Егер біз осы Хабарламаға қандай да бір өзгертулер енгізуге шешім қабылдасақ, біз мұндай өзгертулер туралы ақпаратты визуалды түрде ерекшеленіп тұратын хабарламаның көмегімен Сайтқа жариялаймыз. Соған қарамастан осы бетті жүйелі түрде қарау сізге біздің қандай ақпаратты жинайтынымызды, Теваның жиналған ақпаратты қалай қолданатынын және қандай жағдайларда оны өзге тараптармен бөлісетінін тұрақты түрде біліп отыруға мүмкіндік береді.
 

Күшіне ену күні: Қазан 2019 ж.