Денсаулық сақтау саласы қарқынмен дамып келе жатқан әлемде, емделушілер мен олардың денсаулығына қоян-қолтық араласамыз. Мұқтаж адамдарға дәрілер мен денсаулық шешімдерін жеткізумен қатар өмірлерді жақсарту және қоғамға ұзақ мерзімді үлес қосу үлкен жауапкершілік бола тұрып, керемет мүмкіндік болып та табылады.
Денсаулық сақтау саласын одан әрі қолжетімді етудің көптеген қиыншылықтарын шешудегі өз міндетімізді орындауға тырысамыз. Сонымен қатар, әрекет ету мен қызмет атқару жолымыз маңызды екенін де білеміз. Яғни әдепті, жауапкершілікті және қоғамға бағытталған бизнес практикаларын сақтауға мүдделіміз және басты ғаламдық денсаулық сақтау мәселелерін шешуге тырысамыз. Осындай әрекеттерді орындап, мұқтаж адамдар үшін профилактика мен емге қол жеткізу мүмкіндігін арттыру арқылы қоғамға үлес қосуды көздейміз.
Teva компаниясы әлемдегі дженериктердің ең ірі өндірушісі болып, 115 жылдан астам уақыт бойы маңызды емдеу жолдарын қолжетімді, бағасын қолайлы ету жолында алдыңғы қатардан көрінді. Жергілікті қауымдастықтармен және ғаламдық көшбасшылармен мәнді серіктестіктер құру арқылы қоғамға және бизнеске үлес қосу жолын да қарастырамыз. Осы процесс барысында көлемімізді, масштабымызды, тәжірибемізді және ғаламдық қамту мүмкіндігімізді пайдаланып, әлемдегі емделушілер мен қауымдастықтардың атынан жұмыс істейміз.
Амалымыз үш нәрсеге негізделген: денсаулыққа қол жеткізу, денсаулық саласына үлес қосу бағдарламалары, жауапкершілікті бизнес практикалары мен тұрақтылық.
Teva компаниясы 115 жылдан астам уақыт бойы жауапкершілікпен жұмыс істеуге, адалдықты сақтауға және бизнестің әр саласында ашықтықты қамтамасыз етуге тырысып келе жатыр. Саясаттарымыз бен ұстанымдарымыз Teva компаниясына да, қоғамға да қатысты мәселелерді шешуге деген амалдарымыз бен мүдделерімізді білдіреді. Олар қызмет атқарған барлық жерде бизнестегі практикаларымызға, қызметімізге және шешімдерімізге бағыт береді. Осы саясаттар мен ұстанымдарды жүйелі түрде жаңарту және жаю арқылы Teva стандарттарын жауапты, тұрақты ұстанамыз.
Teva компаниясының ұстанымдары мен саясаттары туралы қосымша ақпарат мұнда.