Суды үнемдеу үшін бірлесіп жұмыс істеу

Holding water in hands

Су — өмір эликсирі: Жылына 50 миллион галлон суды үнемдеудің жолы

Су — әлемдегі бағалы ресурс, ал Үндістан осы тұрғыдан жағдайы ең қиын аймақтардың бірі болып келеді. Үндістанның Су ресурстары министрлігінің зерттеуінде ел өз тарихындағы ең қиын су дағдарысын бастан кешіріп жатыр: жыл сайын 200 мыңдай адам таза суға қол жеткізе алмай көз жұмады.

Асиф Хан суды мүмкіндігінше үнемдеуді өз міндеті деп есептейді. «Судың өмір эликсирі екенін ұмытпауымыз керек, десек те, бүкіл әлемдегі жер асты суларының деңгейі шамадан көп пайдалануға байланысты тез төмендеп жатыр, сондықтан суды үнемдеу әр адамның жауапкершілігі болып табылады», – дейді ол.

Teva India компаниясының Гайраула зауытындағы ДЕҚОҚ жөніндегі аға менеджер лауазымындағы Хан бірқатар суды үнемдеу бастамаларының басқарып келеді. «Ағып тұрған кез келген суды тоқтатып, адамдарды суды барынша үнемдеуге шақыратынбыз, бірақ осыған қоса басқа істей алатын шараларды да қарастырдық», - деп әңгімелейді ол.

«Уттар-Прадеш штатының Гайраула қаласындағы Teva компаниясының белсенді фармакологиялық ингредиенттер (API) зауытында біз өндіру процестерінен қалған суларды өңдейміз және оларды бақшаларды, гүлдер мен гүлзарларды суарамыз. Шикі суды көп мөлшерде қажет ететін (бактерия мен басқа ластаушы заттарды жою үшін өңделмеген) салқындату мұнараларымыз бар, сондықтан өңделетін суды осыларға пайдалана алсақ, онда бұл үлкен үнемдеу болар еді деп ойладық».

Ұсыныстың мәні өнделген ақаба суларды өндіріс орнындағы жылтыратып өңдеу зауытына жіберу болатын, онда өндіріс кезінде жабдықтардың тиісті температурасын ұстап тұруға арналған салқындату мұнараларында пайдаланылатын су тазартылады. «Ұсыныс сайт басшылығына бағытталып, кейін ғаламдық басшылыққа ұсынылды. Ұсынысымыз суды үнемдейтінін дәлелдеуіміз керек еді және басшылықтың көзін соған жеткіздік», – дейді Асиф. 

Салқындату мұнараларында шикі судың орнына өңделген су пайдаланыла басталған 2016 жылдың басынан бастап 2018 жылдың маусым айына дейін Гайраула зауытында 185717 текше метр (49 миллион АҚШ галлонынан астам) су үнемделді.

Осы үнем Асиф тәнті қылды және ол басқа үнемдеу жолдарын жоспарлауға бел буды, ал оның мақсаты — жыл сайын Teva Gajraula API сайтындағы су қолданысын 10%-ға қысқартып тұру.

Бұл жұмыстарға қызметкерлер мен олардың отбасыларына суды жұмыста да, үйде де үнемдеудің жолдарын түсіндіретін тренингтер өткізу жатады. Асиф және оның командасы сайтты үнемді қадағалап, тіпті болмашы ағып тұрған жерді бірден жойып отырады.

Суды үнемдеудің басқа бастамалары қатарына Teva Gajraula компаниясы қолдап отыратын және судың жерге оралуына мүмкіндік беретін шатырға жаңбыр бөшкелері жүйесін орнату мен айналадағы ауылдарда табиғи ауыз су тоғандарын пайдалану жатады.

Болашақта суды үнемдеудің ең үлкен бір шарасы жабдықты орында тазалау (CIP) үшін шикі судың орнына өңделген сумен алмастыру болады. «Сол жердегі шикі судың бүкіл қолданысын тоқтаттым және тазалыққа жауапты тұлғалардан өңделген суды пайдалануды талап еттім», - дейді Асиф. «Бұл оңай өзгеріс болды және болашақта көбірек су үнемдеуімізге көмектеседі».

Оның тұрақтылықты қамтамасыз етуге жұмсаған күшін қолдаған Teva компаниясының сайттағы басшылығына деген алғысы зор. «Басшылық әрдайым табиғатты қорғайтын жаңа істер жасауымызға үндейді».


Дереккөз

Үндістанның Су ресурстары министрлігі, Кешенді су ресурстары басқармасы, http://mowr.gov.in


Қосымша әңгімелерді қараңыз


"I'm most excited for Teva to continue serving patients by developing new treatment option, reaching more of them with our medicines, supporting them on their health journeys and contributing to their overall health" - Amalia Adler-Waxman, Vice President, Social Impact & Responsibility, Teva

Қоғамға қосылатын үлестің барысы және басқа жағдайлар


Teva logo

TEVA завершает приобретение ACTAVIS GENERICS


Life Effects by Teva

Teva компаниясы созылмалы аурулары бар тұлғалардың мүмкіндіктерін арттыру үшін емделуші тәжірибес...


Teva logo

Информация для пациентов об отзыве и замене упаковок препарата Вазар, отпущенных в 2018 году по б...


A hand wearing a smart band

Техникалық смарт-құрылғылар шашыраңқы склерозға шалдыққан адамдарға қауымдасу сезімін сыйлайды


Teva logo

Информация об обнаружении примеси в активной фармацевтической субстанции, используемой в производ...


Gloved hand holding pills

Teva компаниясы контрафактілік дәрі-дәрмектер нарығына қарсы күресу мақсатында жаңа екі өлшемді ш...


Elderly man hiking

Благотворительная акция ОДР-Евразия для пациентов с БП


Teva logo

Первый медицинский форум Teva «Кардио Сфера»


Teva logo

Компания Teva приняла участие в конференции «Кайшибаевские чтения»