Teva компаниясы контрафактілік дәрі-дәрмектер нарығына қарсы күресу мақсатында жаңа екі өлшемді штрих-кодты енгізді

Gloved hand holding pills

Контрафтактілік дәрі-дәрмектер саудасы — әлемдегі ең ірі алаяқтық нарығы әрі жыл сайын миллиардтаған доллар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қолына түседі  01

Дүниежүзі бойынша жалған дәрі-дәрмектер нарығына байланысты жыл сайын мыңдаған адам мерт болады, ал ластанған немесе ескірген контрафактілік өнімдерді қабылдау салдарынан туындаған ауыр денсаулық мәселелеріне шалдыққан немесе сал болған адамдардың саны одан да көп. 02

Teva компаниясы контрафактілік дәрі-дәрмектермен күресте біріге отырып, осы қауіпті жалған дәрі-дәрмектерді жоюы мүмкін революциялық, жаңа 2D штрих-кодты шығарды. Teva компаниясы 100 млн. АҚШ доллардан астам қаражат жұмсай отырып, өнімдердің түпнұсқалығын қамтамасыз ету, бөлшектеп сатушылар мен тұтынушыларға көңіл тыныштығын сыйлау және қылмыскерлерді заңсыз табыстан айыру мақсатында жаңа идентификация әдісін ойлап тапты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) болжамы бойынша контрафактілік дәрі-дәрмектерден түсетін табыс 200 млрд. АҚШ долларға жуықтайды әрі дүниежүзілік фармацевтикалық сауданың шамамен 10-15 пайызын құрайды. 03 Олар қара нарықта, интернет арқылы сатыла алады және кей жағдайларда жалған дәрі-дәрмектер емделушілерге рецепт бойынша өткізілген.

Дүниежүзінде осы жалған дәрі-дәрмектердің қолданысы өскендіктен, Teva компаниясы 326 буып-түю желісіне тиісті ғаламдық қадағалау идентификаторы бар осы 2D штрих-кодты қою арқылы өз дәрі-дәрмегінің жалған түрін жасау жолын қиындатты. Teva компаниясы 2015 жылдан бастап идентификация жобасының жетекшісі болған бағдарлама менеджері Галит Мейранмен бірге жаңа штрих-кодтарды ең жақсы түрде енгізу жолын жоспарлап келеді.

Мейран штрих-код арқылы емделушілер қабылдаған өнімдері туралы сенімді бола алады деп сенеді. «Емделуші денсаулығына айтарлықтай әсер ететін және бренд ретінде берген уәдемізді орындайтын кішкентай штрих-кодпен жұмыс істеудеміз. Тұтынушы қолындағы өнім түпнұсқа екенін және сатушы жалған дәрі-дәрмек сатуға тырысып жатпағанын тексере алады».

Фармацевтикалық салада контрафактілік өнімдерге қарсы күресте қадағалау мүмкіндігіне назар аударылғанына біраз уақыт өтті, бірақ бұл қылмыскерлердің контрафактілік дәрі-дәрмектерді шығаруы мен сатуын тоқтатпайды. Қолдан жасаушылар ЖИТС дәрі-дәрмектерінен бастап безгекке қарсы таблеткаларға дейінгі барлық дәрі-дәрмек түрлерінің көшірмесін жасаған, ал ДДСҰ ұйымының сөзіне сенсек, төмен және орташа кірісті елдердегі 10 медициналық өнімнің ішінен 1 өнім стандартқа сәйкес келмейді немесе қолдан жасалған. 04

Дүниежүзіндегі 38 Teva мекемесінде жүздеген қызметкермен жобаны аяқтау мақсатында жұмыс істеген Мейран былай дейді: «Teva компаниясы өнімді жасап, нарыққа шығарумен ғана шектелмейді. Емделушілер мен фармацевттер қолдарындағы дәрі-дәрмек Teva компаниясының түпнұсқа дәрі-дәрмегі екенін көз жеткізе алуы үшін барлық шараларды қолданамыз».

Жеткізілетін контрафактілік дәрі-дәрмектерді тоқтату ниетімен Teva компаниясы соңғы жылдары дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі үкіметтермен және кеден органдарымен бірге жұмыс істеді. 2013 жылы Германиядағы бір емделуші дәрі-дәрмек қорабындағы емле қателерін анықтап, фирмаға хабарласқаннан кейін, Teva компаниясы күрделі контрафактілік операцияны өткізуге көмектесті. Teva компаниясы өз зертханаларында сынау мақсатында осы күмәнді өнімнің бірнешеуін сатып алып, сынақ нәтижесінде осы дәрінің құрамында түпнұсқа фармацевтикалық ингредиенттер болғанымен, өнімді оның қорабында жазылғандай компания шығармағанын анықтады.

Контрафактілік дәрі-дәрмектер төндіретін қауіптің артуымен күресу және нормативтік өзгерістерді ескеру үшін Teva компаниясы жаңа штрих-кодты енгізу мақсатында жыл сайын өндірілетін миллиардтаған таблеткалар мен капсулалардың қаптамасыз өзгертеді. Жобаның дүниежүзіндегі халықаралық және локалды командалармен жұмыс атқарылып, осындай алуан түрлі бөлімшелерге жайылғаны Teva компаниясында алғашқы жағдай болып табылады.

Teva компаниясында алты жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан, бұрын АТ тәуекелдерді анықтау маманы болып қызмет істеген Мейран өз сөзінде жоба ондаған бөлімшенің жылдар бойы бірлесіп жұмыс істеу нәтижесі болып табылатынын қосты. «Бұл жобаға шынайы ғаламдық команда қатысты, оның құрамына безендіру бөлімшесі, сатып алу, жеткізу желісі, буып-түю бөлімшесі және көптеген халықаралық менеджерлер кірді», - деді ол.

«Бұл — бизнесіміздің әр саласына әсер ететін компанияның негізгі халықаралық бағдарламасы. Сонша көп түрлі бөлімшенің білімдерін бөлісу үшін бірлесіп жұмыс істеуі — үлкен жетістік.
Анық әрі бойды алар дыбыс шығару үшін филармониялық оркестрдің құрамына кіретін түрлі музыканттар үйлесе әрі мінсіз дәлдікпен аспаптарын тартуы тиіс», - дейді ол. «Бұл қиынға соқты, бірақ осыны орындаған команданы мақтан тұтамын».

Тарихи тұрғыдан алғанда, контрафактілік дәрі-дәрмектерді қолдану АҚШ немесе Батыс Еуропа сияқты өнеркәсібі дамыған елдерде кең таралған емес, бірақ қазіргі уақытта көптеген тұтынушылар арзан дәрі-дәрмектер сатып алу үшін интернетті қолданғандықтан, дүниежүзінде контрафактілік дәрі-дәрмектер үлгілерінің саны артып келеді. ДДСҰ ұйымының болжамына сүйенсек, Африка мен кей Азия және Латын Америкасы елдерінде жалған дәрі-дәрмектердің үлесі нарықтың 20-30 пайызына жетуі мүмкін. 05 Контрафактілік дәрі-дәрмектердің сатылуы көбінесе «үшінші дүние» елдерінің тұрғындарына теріс әсер еткенімен, осындай дәрі-дәрмектердің АҚШ және ЕО елдерінің қатаң түрде қадағаланатын нарықтарында да сатылғаны анықталды.

Контрафактілік дәрі-дәрмектер қолданысынан болатын зор зиянмен күресу үшін АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) және Еуропалық Одақ (ЕО) әр герметикалық дәріні сериялық нөмірмен қамтамасыз ету жоспарын алға тартты. Ресей Федерациясы да 2020 жылдың қаңтар айына дейін ұқсас заңды жүзеге асыруды жоспарлауда.


Дереккөз


Қосымша әңгімелерді қараңыз


"I'm most excited for Teva to continue serving patients by developing new treatment option, reaching more of them with our medicines, supporting them on their health journeys and contributing to their overall health" - Amalia Adler-Waxman, Vice President, Social Impact & Responsibility, Teva

Қоғамға қосылатын үлестің барысы және басқа жағдайлар


Teva logo

TEVA завершает приобретение ACTAVIS GENERICS


Hands holding water

Суды үнемдеу үшін бірлесіп жұмыс істеу


Life Effects by Teva

Teva компаниясы созылмалы аурулары бар тұлғалардың мүмкіндіктерін арттыру үшін емделуші тәжірибес...


Teva logo

Информация для пациентов об отзыве и замене упаковок препарата Вазар, отпущенных в 2018 году по б...


A hand wearing a smart band

Техникалық смарт-құрылғылар шашыраңқы склерозға шалдыққан адамдарға қауымдасу сезімін сыйлайды


Teva logo

Информация об обнаружении примеси в активной фармацевтической субстанции, используемой в производ...


Elderly man hiking

Благотворительная акция ОДР-Евразия для пациентов с БП


Teva logo

Первый медицинский форум Teva «Кардио Сфера»


Teva logo

Компания Teva приняла участие в конференции «Кайшибаевские чтения»