Қоғамға қосылатын үлестің барысы және басқа жағдайлар

"I'm most excited for Teva to continue serving patients by developing new treatment option, reaching more of them with our medicines, supporting them on their health journeys and contributing to their overall health" - Amalia Adler-Waxman, Vice President, Social Impact & Responsibility, Teva

Teva компаниясы салауатты әлем құру үшін емделушілердің өмірлерін жақсартуға және дәрі-дәрмек шеңберінен шығуға тырысады. Жақында жарық көрген 2018 жылғы Қоғамға қосылған пайдалы үлес туралы есепте оң үлес қосу үшін күш-жігеріміз бен жетістіктеріміз сипатталған. Есеп пен Teva компаниясының жағдайды өзгерту жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін Қоғамға үлес қосу және жауапкершілік жөніндегі вице-президент Амалия Адлер-Ваксманмен кездестік.

Amalia Adler

Сұрақ: Teva үшін «Қоғамға үлес қосудың» мәні не?

Жауап: денсаулық сақтау саласындағы компания ретінде Teva компаниясының бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығына әсер ету мен елеулі әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге көмектесуге мүмкіндігі мен жауапкершілігі бар.

Teva компаниясының «Қоғамға үлес қосу» стратегиясы екі принципке негізделген, яғни: салауатты қоғамды қалыптастыруға үлес қосу және бизнесті жауапкершілікпен жүргізу. Дені сау қоғамға деген бағытымыз дәрі-дәрмектерге қол жеткізу мүмкіндігін арттыруда, арнайы ем түрлерін әзірлеуде, емделушілерге емделу барысында қолдау көрсетуде және ғаламдық денсаулық сақтау мәселелерін шешуде көрініс табады. Бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге жұмсаған күш-қуатымызға сәйкестікті сақтаудың күшті мәдениетін қалыптастыру, әдеп пен ашықтық, қызметкерлерімізге қолдау көрсету, қоршаған ортаны қорғау, емделуші қауіпсіздігін жетілдіру және жауапты жеткізу желісін қамтамасыз ету кіреді. 

Сұрақ: Жылдар өте бұл жағдай қалай дамыды?

Жауап: 118 жыл бұрын негізі қаланғаннан бастап Teva компаниясының негізгі мақсаты емделушілерге адал қызмет ету және денсаулықты жақсарту болды. Қоғамға үлес қосудың қазіргі түріне 2016 жылы қол жеткізе бастадық, сол кезде көңіл бөлінетін салалар белгіленді. 2017 жылы дүниежүзіндегі денсаулық сақтау мен дамудың қажеттіліктерін қарап шықтық. Содан «Қоғамға үлес қосу» негіздерін, оларға қолдау көрсететін іс-шараларды және ұзақ үлес қосудың жолы туралы көзқарастарымызды реттеп алдық.

Сол жылы денсаулық сақтау саласындағы жетекшілермен және емделушілермен сөйлесіп, түсініксіз ғаламдық мәселе болып табылатын бірнеше созылмалы ауруды (БСА, адамның екі немесе одан да көп созылмалы ауруға шалдығуы) анықтадық. БСА-ның бизнесімізге қатысты ажырамас байланысы бар, өйткені созылмалы немесе инфекциялық емес ауруларды (ИЕА) емдейтін көптеген дәрілерді өндіреміз. Қоғамға үлес қосу стратегиямызда БСА-ға көңіл бөлуді ұйғардық және салалардағы серіктестіктер арқылы БСА әсерін танытуға көмектесіп жүрміз, шешім табу үшін денсаулық сақтау саласындағы жетекші компаниялармен және емделуші ұйымдарымен бірге жұмыс істейміз.

Сұрақ: Биылғы есепте қандай жаңалық әрі қызық нәрселер бар?

Жауап: Бөлісетін нәрсе көп. Арасынан таңдап айту қиын.

Стандарттарға сәйкестік пен әдеп — барлық жұмысымыздың негізі. Өткен жылы 16,5 мыңнан астам қызметкерді этикалық мінез-құлықтың 10 тақырыбы бойынша оқыттық, 98%-ы оқуды аяқтады.

2018 жылы қол жеткізу мүмкіндігін жақсарту бойынша жұмысымыз алуан түрлі және кең таралған еді. 900-ден астам дженерик дәріміз бен 35 арнайы дәріміз мақұлданды. Бүкіл әлемдегі емделушілерге 380 миллион доллардан астам соманы құрайтын дәрі-дәрмек таратқанымызды, туберкулезбен ауыратын емделушілерге 220 мың қорап антибиотик пен 1,5 миллион қорап В6 дәруменін таратқанымызды мақтан тұтамыз. Сонымен қатар, дәрі-дәрмекке қол жеткізу мүмкіндігіне қатысты ұстанымымызды әзірлеп, сапалы дәрі-дәрмегімізбен көбірек емделушілерді қамту ниетіміз күшейттік.

Экологиялық тұрақтылықты сақтау және ашықтық бойынша атқарған жұмысымыздың жетістігін жетекші экологиялық бейкоммерциялық ұйымдар таныды. Teva компаниясы климатты өзгертуі туралы мәлім еткен ақпараты үшін CDP ұйымынан A- бағасын алды, сондай-ақ қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуды жалғастырды. Мысалы, жылыжайдан шығатын газ мөлшерін 2012 жылдан бері 23%-ға азайттық.

Сұрақ: 2018 жылындағы мақтанарлық жетістігіңіз қандай?

Жауап: БСА мәселесін талқылау үшін денсаулық сақтау мен емделуші ұйымдарының, үкіметтердің, денсаулық сақтау және АТ салаларындағы ықпалды көшбасшылардың басын қостық және серіктестік құрдық. Бұл салада келіссөз шынымен алға қарай ілгерілеп жатқанын сеземін. Әртүрлі саладағы 80-нен астам көшбасшының басын біріктірген қыркүйек айындағы БҰҰ Бас ассамблеясы барысында NCD Care Continuum іс-шарасын Intel компаниясымен және Халықаралық емделушілер ұйымдарының альянсымен бірге өткізіп, БСА-сы бар адамдар өмірін жақсарту мәселесін талқыладық.

Осы қарқынды сақтап келеміз. Биыл мамыр айында БСА-сы бар емделушілерге арналған құралдар мен ресурстарды талқылау ниетімен Швейцарияның Женева қаласында 72-ші Әлемдік денсаулық сақтау ассамблеясына қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандардың басын қостық. Осы тақырыпты әрі қарай түсіндіру әрекетімізді 2019 жылы жалғастыратынымызға үміттіміз.

Сұрақ: Болашақтағы не нәрсе сізді толғандырады?

Жауап: Teva компаниясының жаңа емдеу жолдарын әзірлеу, дәрі-дәрмек көмегімен көбірек емделушілерді қамту, емделушілерге емделу барысында қолдау көрсету және олардың жалпы саулығына үлес қосу арқылы емделушілерге әрі қарай қызмет көрсетеді деп сенемін. Сонымен қатар, бірегей серіктестік құру арқылы ғаламдық денсаулық мәселелерін шешу кезінде Teva компаниясының рөлі де толғандырады.

Алдағы айларда жаңа экологиялық мақсаттарды жариялайтын боламыз. Оларды және осы саладағы жетістікке жетуге жұмсаған күшімізді мәлім етуге асығудамын, себебі сау планетаның емделушілеріміз бен қауымдастықтар үшін маңызды екенін білемін.


Teva компаниясының қоғамға үлес қосу жұмыстары туралы қосымша ақпаратты жылғы Қоғамға қосылған пайдалы үлес туралы есептен қараңыз.


Қосымша әңгімелерді қараңыз


Teva logo

TEVA завершает приобретение ACTAVIS GENERICS


Hands holding water

Суды үнемдеу үшін бірлесіп жұмыс істеу


Life Effects by Teva

Teva компаниясы созылмалы аурулары бар тұлғалардың мүмкіндіктерін арттыру үшін емделуші тәжірибес...


Teva logo

Информация для пациентов об отзыве и замене упаковок препарата Вазар, отпущенных в 2018 году по б...


A hand wearing a smart band

Техникалық смарт-құрылғылар шашыраңқы склерозға шалдыққан адамдарға қауымдасу сезімін сыйлайды


Teva logo

Информация об обнаружении примеси в активной фармацевтической субстанции, используемой в производ...


Gloved hand holding pills

Teva компаниясы контрафактілік дәрі-дәрмектер нарығына қарсы күресу мақсатында жаңа екі өлшемді ш...


Elderly man hiking

Благотворительная акция ОДР-Евразия для пациентов с БП


Teva logo

Первый медицинский форум Teva «Кардио Сфера»


Teva logo

Компания Teva приняла участие в конференции «Кайшибаевские чтения»