13500 емделушімен жүргізілген зерттеу және бірлескен жұмыс нәтижесінде Еуропада емделушілерге бағытталған «Life Effects» атты веб-сайт жасалды және жайылды
Еуропалық шашыранды склерозды емдеу және зерттеу жөніндегі комитеттің (ECTRIMS) Берлинде өткен конгресінде контентін емделушілер жасайтын, ал мамандар тексеретін, емделушіге арналған Life Effects атты веб-сайтты Еуропада іске қосқанымызды қуана жариялаймыз.
Осы онлайн контент туралы бастама дүниежүзіндегі 13500 емделушіден алынған ауқымды зерттеуден кейін құрылды және қазір Еуропада іске қосылуда. Зерттеудің нәтижесі емделушілердің, әсіресе созылмалы ауруларға, соның ішінде шашыранды склерозға шалдыққан емделушілердің сенімді ақпаратқа деген сұранысы барын көрсетеді. 01
Емделушілермен бірге әзірленген контенті бар Life Effects бір не бірнеше созылмалы ауруы, соның ішінде ШС-ы бар адамдарға ақпарат, анықтама беретін, әсіресе аурудың емделушінің күнделікті өміріне тигізетін әсеріне ерекше көңіл бөлетін және ынталандыратын мақалалардан, видеолар мен подкастілерден тұрады. Мамандардың тексерісінен өтетін тікелей үлесті қосатын емделушілердің негізгі тобымен үнемі жұмыс істеу арқылы Life Effects созылмалы аурумен өмір сүрудің шынайы, боямасыз жағын көрсетеді. Life Effects және осы емделушілер бірлесе отырып шынайы оқиғаларды баяндайды, жаңа идеяларға емделуші тұрғысынан қарайды және жағдайды аздап жеңілдету үшін практикалық кеңестер ұсынады.
Ирландияда тұратын және ШС-ға шалдыққан Аоиф Кирван былай дейді: «ШС-ы бар адамдардың сөйлеп, сөзін адамдарға жеткізу мүмкіндігінің болу әрқашан толғандырады. Life Effects созылмалы ауруы, соның ішінде ШС-ы бар адамдармен бірлесіп әзірленді, яғни оны біз өзіміз үшін жасадық. Ол созылмалы аурулары бар адамдарға ақпаратты сарапшылар тексеретінін біле отырып, әңгімелерімізді, ойларымыз бен пікірлерімізді бөлісуге мүмкіндік береді. Ақпараттың шексіз көлемі қолда тұрған заманда ұқсас жағдайдағы адамдардан келетін осы сенімді ақпараттың емделушілер үшін құны жоқ. ШС-ы бар адам ретінде өмірлік тәжірибе мен ғылыми фактіні біріктіретін жаңа ресурсты ұсынатын қауымдастығым мен медициналық қауымдастықтың мұндай серіктестігін көруге қуаныштымын».
Life Effects — осы аурулармен өмір сүрудің қандай екенін түсіру және сенімді дереккөзден, яғни тікелей емделушілерден есту арқылы денсаулық туралы сенімді онлайн ақпаратқа деген қажеттілікті, әсіресе созылмалы ауруға шалдыққан емделушілердің қажеттілігін қанағаттандырудың нәтижесі. Емделушілер мен денсаулық сақтау мамандарының медициналық жолдарын тоғыстыратын контентті жасау, диагноз бен емдеу жолдары туралы ақпарат іздегенде сілтеу арқылы осы аурулардың күнделікті тигізетін әсерін жақсы түсіндіреміз. Life Effects — емделушілерге арналған, емделушілер жасаған және сарапшылар тексерген, емделушілерге сенімді ақпарат ұсынатын контент.
Еуропада іске қосылған Life Effects жобасы ШС-ға қатысты контентті, арасында астма, депрессия және бас сақинасы кіретін аурулар туралы контентті қамтиды. Life Effects командасы Healthline атты ең жылдам өсіп келе жатқан тұтынушыларға арналған денсаулық сақтау жөніндегі ақпараттық сайтпен және Slate Group тобына кіретін Panoply атты премиум подкаст желісімен жұмыс істейді. Healthline және Panoply компаниялары Teva компаниясына кәсіпқой журналисттің редакторлық көзқарасымен емделушінің шынайы дауысы мен сенімді көзқарасын біріктіруге көмектеседі.
Teva компаниясының Арналар стратегиясы және цифрлық контент жөніндегі вице-президент Арун Махтани былай дейді: «Life Effects — созылмалы ауруы бар басқа адамдарға қолдау көрсететін және кеңес беретін, емделушілерге арналған платформа. Teva компаниясы емделушілердің мүмкіндіктерін арттыруға тырысады және Life Effects — осының нақты көрінісі, яғни емделушінің сөзі сарапшылардың қолдауымен тікелей жеткізіледі. Осы контент әр адам үшін персоналды және мәнді болып табылады, ал емделушілер емнің сыртында тап болатын қиындықтарды жақсы түсіндіретін осы серіктестіктің қосқан үлесі таңқалдырады».
Әзірленген күні: 2018 ж. қазан | Сілтеме: HQ/TV/18/0010
Edelman Intelligence 2018. Teva брендіне жасалған зерттеу