Біз коммерциялық емес ұйымдардың ең үздік 5 жобасы мен бастамасын таңдап, марапаттауды жоспарлап отырмыз. Жеңімпаздарға 2 000 000 теңге дейін көлемінде қаржы бөлінеді.
Пациент болу оңай болмауы мүмкін. Бұл белгісіздікті, болашақтан қорқуды және жағдайларға тәуелділікті білдіруі мүмкін.
Сіз өзіңіздің өміріңізді ауруханалардағы және басқа медициналық мекемелердегі, әртүрлі себептерге байланысты кейде жеткіліксіз көңіл бөлуі мүмкін медициналық қызметкерлерге тапсырасыз.
Teva компаниясында біз пациентке қамқорлық жасау тек терапиялық үдеріс емес деп санаймыз. Пациенттерді қолдау және емдеу психологиялық аспектіні де қамтуы мүмкін: жанашырлық, қамқорлық, қолдау.
Осы мақсатта Teva компаниясы "Игі істердің мәні 2023" бағдарламасын құрды.
Компания қызметкерлері пациенттерді эмоционалдық тұрғыдан қолдауға, емдеудің қиын жолын жеңілдетуге, белгілі бір ауруды тұрақтандыруға, терапия процесінде қолайлы, достық және адамгершілік жағдай жасауға және пациенттерді емдеуде нәтижелерге қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосатын басқа да іс-шараларға бағытталған ең перспективалы жобалар мен бастамаларға дауыс береді.