Триггер сөзі (ағылш. " trigger" — шүріппе) медицинада адамның белгілі бір серпілісін немесе күйін тудыратын факторды немесе оқиғаны білдіреді. Триггерлер физикалық, эмоционалды, психологиялық немесе қоршаған ортаға байланысты болуы мүмкін1,2. Көптеген адамдар үшін бас сақинасы күйзеліс, тамақтанудағы өзгерістер, ұйқының жеткіліксіздігі, жарқын жарық, күшті иістер немесе ауа-райының өзгеруі сияқты триггерлерді тудырады 1. Триггерлер әртүрлі болуы мүмкін және әр науқастың бас сақинасы ұстамасына ықпал ететін жеке факторлары болуы мүмкін. Бас сақинасының ең көп таралған триггерлерін қарастырайық:
• Күйзеліс және эмоциялық ширығу: күшті эмоционалды серпілістер, мазасыздық оқиғалары немесе жарақаттық тәжірибе туралы естеліктер бас сақинасының ең көп таралған триггерлерінің бірі болуы мүмкін, науқастардың көпшілігі психоэмоционалды салада бұзылулардан зардап шегеді және кез-келген эмоциялық күй бас ауруының тағы бір ұстамасын тудыруы мүмкін2
• Өмір салтының өзгерістері: дұрыс тамақтанбау, суды жеткіліксіз ішу, тұрақсыз тамақтану және физикалық белсенділіктің шектелуі 2
• Қоректік заттар мен қоспалар: әртүрлі азық-түліктер мен қоспалар кейбір адамдарда бас сақинасын арандатуы мүмкін. Бұған консерванттар, жасанды тәттілендіргіштер, құрамында тирамин, ішімдік, кофеин, ірімшіктің қатты сорттары, шоколад бар тағамдар және т. б.
• Денеге түсетін ауырлық: қарқынды физикалық жаттығулар немесе шамадан тыс физикалық күш салу да триггер болуы мүмкін3
• Қоршаған ортаның өзгеруі: жарқын жарық, күшті иістер, қатты дыбыстар немесе ауа-райының өзгеруі бас сақинасының триггері болуы мүмкін2,3
• Гормоналды өзгерістер: әйелдерде бас сақинасы етеккір циклімен, жүктілікпен, гормоналды контрацептивтерді қабылдаумен немесе етеккір үзіліспен байланысты болуы мүмкін4
• Дәрі-дәрмектерді шамадан тыс пайдалану: кейбір адамдарда бас сақинасы анальгетиктер, триптандар, ҚҚСД немесе бас ауруын емдеуге арналған басқа дәрі-дәрмектер сияқты кейбір дәрілерді ұзақ уақыт қолданудан туындауы мүмкін, бұл " дәрілік-индукцияланған бас ауруы " (ДИБА) деп аталатын күйді тудырады
• Ұйқы сапасының өзгеруі: ұйқының жеткіліксіздігі немесе артық болуы, ұйқы режимінің өзгеруі немесе тіпті уақыт белдеулерінің ауысуына байланысты ұшулар да триггерлерге айналуы мүмкін4
Бас сақинасының триггерлері әртүрлі адамдар үшін әртүрлі болуы мүмкін екенін есте сақтау маңызды. Бір адамда бас сақинасын тудыратын нәрсе басқа адам үшін қауіпсіз болуы мүмкін бас сақинасының күнделігін үнемі жүргізу жеке триггерлерді анықтауға және оларды болдырмау үшін шаралар қабылдауға көмектеседі.
Қолданылатын барлық бейнелер ойдан шығарылған, кез-келген сәйкестік кездейсоқ. Ақпарат ауру туралы хабардарлықты арттыруға арналған және дәрігердің кеңесін алмастырмайды.
Әдебиет
1. Латышева Н.В., Филатова Е.Г. "Мигрень: мифы и реальность. Книга о том, как держать мигрень под контролем".- М., 2012
2. Hindiyeh NA, Zhang N, Farrar M. et al. The Role of Diet and Nutrition in Migraine Triggers and Treatment: A Systematic Literature Review. Headache. 2020 Jul;60(7):1300-1316
3. Amin FM, Aristeidou S, Baraldi C. et al. European Headache Federation School of Advanced Studies (EHF- SAS). The association between migraine and physical exercise. J Headache Pain. 2018 Sep 10;19(1):83
4. Javaid Q. Prevalence, triggers and presentation of migraine among the college and university students: Review of the available literature. J Pak Med Assoc. 2021 Nov;71(11):2617-2622