Бұл бөлімде бас сақинасы бар науқастардың бас ауруы күнделігін жүргізудің маңыздылығы сипатталған
Бас ауруы күнделігін үнемі жүргізу науқастардағы бас сақинасының жеке триггерлерін анықтауға көмектеседі, бас сақинасының сипатын және оның күнделікті өмірге әсерін түсінуге мүмкіндік береді. Күнделіктегі ақпаратты талдау науқасқа емдеу әдістерінің тиімділігін бақылауға көмектеседі, дәрігерге науқастың күйі туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді1,2.
Күнделіктегі ақпаратқа сүйене отырып, науқастар бас сақинасының ықтимал ұстамаларын ескере отырып, өз қызметін жоспарлай алады және олардың болдырмауы үшін алдын алу шараларын қолдана алады. Бас ауруы күнделігі - бас сақинасымен ауыратын адамдардың өмір сүру сапасын жақсартудың қарапайым және тиімді құралы1,2.
Қолданылатын барлық бейнелер ойдан шығарылған, кез-келген сәйкестік кездейсоқ. Ақпарат ауру туралы хабардарлықты арттыруға арналған және дәрігердің кеңесін алмастырмайды.
1. Seng EK, Martin PR, Houle TT. Lifestyle factors and migraine. Lancet Neurol. 2022 Oct;21(10):911-921
2. Stewart WF, Lipton RB, Kolodner KB. et al. Validity of the Migraine Disability Assessment (MIDAS) score in comparison to a diary-based measure in a population sample of migraine sufferers. Pain. 2000
Oct;88(1):41-52.