Бұл бөлімде диагностиканың негізгі кезеңдері, бас ауруының басқа себептерін жоққа шығару үшін дифференциалды диагностика сипатталған.
Бас сақинасын диагностикалау бас ауруының басқа себептерін жоққа шығару үшін бірнеше қадамдарды қамтиды 01 02
• Медициналық тексеру және науқастың сыртартқысының деректерін талдау дәрігерге белгілер, бас ауруының сипаты, ұстамалардың жиілігі мен ұзақтығы, аураның болуы, ілеспе белгілер және бас сақинасының ықтимал триггерлері туралы мәліметтерді жинауға мүмкіндік береді
• Бас сүйек-ми зақымдары, жұқпалар, ісіктер немесе басқа медициналық күйлер сияқты бас ауруының басқа себептерін жоққа шығару. Қосымша тексерулер қажет болуы мүмкін (компьютерлік томография немесе бас мидың магнитті-резонанстық томографиясы)
• Бас сақинасының клиникалық критерийлерін бағалау ретінде III қайта қараудың халықаралық бас ауруларының жіктелуі жиі қолданылады 01
AJO-KZ-NP-00073
• Ми тамырларының күйін бағалау немесе бас ауруының басқа ықтимал себептерін болдырмау үшін қосымша тексерулер қажет 02
• Бас сақинасы диагнозын растау үшін кейбір науқастарда дәрі-дәрмектік тестті жасалуы мүмкін.
Қолданылатын барлық бейнелер ойдан шығарылған, кез-келген сәйкестік кездейсоқ. Ақпарат ауру туралы хабардарлықты арттыруға арналған және дәрігердің кеңесін алмастырмайды.
Headache Classification Committee of the International Headache Society (IHS) The International
Classification of Headache Disorders, 3rd edition.Fierro A, Pérez-Rojí G, Blanco A. et al. Headache as main reason for consultation to a hospital Emergency Department in Spain: a prospective study. Neurologia (Engl Ed). 2023 Jun;38 Suppl 1:S31-S36
"Ересектердегі бас сақинасы" клиникалық хаттамасы
Мигрень у взрослых > Клинические протоколы МЗ РК - 2023 (Казахстан) > MedElement