Бұл бөлімде бас сақинасының ерекшеліктері, бас сақинасы кезінде бас ауруының сипаты, аурудың әлемде таралуы бойынша мәліметтер туралы жалпы ақпарат берілген.
Бас сақинасы – бұл бас ауруының бастапқы түрі, әдетте бастың бір жағында солқылдатып ауырсынумен бірге жүреді. Ауырсыну соншалықты күшті болуы мүмкін, бұл күнделікті міндеттерді орындауға кедергі келтіреді. Көбінесе бас сақинасы жүрек айнуымен, құсумен және жарыққа, дыбыстарға немесе иістерге сезімталдықпен бірге жүреді.
Кейбір адамдарда бас сақинасы аурадан басталады – жыпылықтайтын жарық нүктелері, ирек тәрізді сызықтары немесе уақытша көру қабілетінің жоғалуы сияқты уақытша көру өзгерістері.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, бас сақинасы бүкіл әлем бойынша шамамен 7 адамның 1-еуіне әсер ететін ең көп таралған аурулардың бірі болып табылады 1. Бас сақинасының таралуы бүкіл әлемде 1 миллиард адамды құрайды деп есептеледі2
Бас сақинасы көбінесе жасөспірім кезінен басталады және 35 пен 45 жас аралығындағы адамдар арасында жиі кездеседі. 45 жасқа толмаған әрбір төртінші әйелде бас сақинасы бар.3
Бас сақинасы – бұл тұқым қуалайтын ауру, науқастардың 70% -ы отбасы мүшелерінде бас сақинасының болуы туралы айтады4. Бұл гендік, тамырлы және нейрохимиялық факторлардың күрделі өзара әрекеттесуінің нәтижесі. Бас сақинасының пайда болуының нақты механизмдері толық түсінілмеген, бірақ ғалымдар бұл бас мидағы қан тамырларының тарылуы мен кеңеюін реттеуде шешуші рөл атқаратын серотонин сияқты нейротрансмиттерлердің жұмысындағы өзгерістермен байланысты деп болжайды.
Бас сақинасы әдеттегі бас ауруынан айтарлықтай ерекшеленеді және диагностика мен емдеуге арнайы тәсілді қажет етеді.
Қолданылатын барлық бейнелер ойдан шығарылған, кез-келген сәйкестік кездейсоқ. Ақпарат ауру туралы хабардарлықты арттыруға арналған және дәрігердің кеңесін алмастырмайды.
Әдебиет
1. https://www.who.int/news-room/fact-sheets/detail/headache-disorders
2. Ances B. J Neurol. 2012;259:1321-1325; Borsook D et al. Neurol Clin Pract. 2015;5(4):317-325; GBD 2016
3. Disease and Injury Incidence and Prevalence Collaborators. Lancet. 2017;390:1211-1259;
4. Латышева Н.В., Филатова Е.Г. "Мигрень: мифы и реальность. Книга о том, как держать мигрень под контролем".- М., 2012.