Біздің миссия — дүние жүзіндегі емделушілердің өмірін жақсарта отырып, дженериктер мен биофармацевтикалық препараттар бойынша әлемдік көшбасшы болу. Медициналық мекемелер, емделушілер және күтушілер бір ғасырдан астам уақыттан бері Teva дәрі-дәрмектерін қолданып келе жатыр.
Teva компаниясының дүниежүзінде атқарып жүрген жұмыстарына назар аударыңыз. Ең соңғы пресс-релиздерді, очерктерді және компанияның ресурстарын қараңыз.
Teva компаниясы әрбір адам ауруды басқаруға, инфекциямен күресуге немесе жалпы денсаулықты жақсартуға көмектесетін сапалы дәрі-дәрмектерге қол жеткізе алуға тиісті деп есептейді. Күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінде 200 миллиондай адам дәрі-дәрмегіміздің біреуін қабылдайды.
Біз тұрақты түрде денсаулық сақтауды қол жетерлік етуге тырысамыз. Жауапкершілігімізді қабылдаймыз және оны өмірді жақсарту мен ұзақ мерзімді әлеуметтік үлес қосу мүмкіндігі ретінде қарастырамыз.
Teva — ұлы идеялар гүлдейтін жер. Қызметкерлерге жаңа тапсырмалар қойып, олардың кәсіби түрде өсуіне және жетілуіне жағдай жасап, адамдардың өмірін шынайы өзгерту мүмкіндігін беріп, олардың мүмкіндіктерін кеңейтеміз деп сенеміз.
*Teva компаниясы препараттарымен ғана байланысты барлық өтініштер өңделеді (жағымсыз құбылыстар туралы хабарлама, сапа жөніндегі наразылық, медициналық ақпаратқа сұрау)