Teva дүниежүзі бойынша емделушілерге инновациялық жəне сапалы дəрі-дəрмектерді əзірлеуге жəне шығаруға тырысады. Осылайша адамдарға салауатты өмір сүруге көмектесеміз.
Teva 1901 жылы құрылды. Дүниежүзілік басты кеңсеміз Израильде орналасқан. Бүгінгі таңда 3,5 мыңнан астам дәрі-дәрмек қоржынымыз бар және жылына шамамен 120 миллиард таблетка мен капсула шығарымыз1. 30-дан астам елде 70-тен артық өндіріс орнымыз бар. 01
Әлемдегі жетекші фармацевтикалық компаниялардың қатарына кіреміз және 60 нарықта жұмыс істейміз. Дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі 43 мыңдай қызметкеріміз мақсатымызға жеткізу үшін қызмет атқаруда. Инновациялық және жоғары сапалы дәрі-дәрмегіміз күніне 200 миллион адамның пайдасына жарап жүр. 02
Теваның толық инфографикасын қараңыз
120 АҚШ-та күтудегі алғашқы болып өтінім берілетін жаңа препаратты тіркеу жөніндегі қысқа өтінім бойынша көшбасшымыз
Өнімдер мен мекемелердің саны бойынша дереккөз: Teva ғаламдық операциялары
Teva тұтынушыларының санын шамалайтын Global Insights, Access & Technologies жүргізген ішкі талдаулар. 2.1-анықтама: 2016 жылғы тамыз; 2.2-анықтама: 2019 жылғы сәуір